Ұлттық парк құрамы бұл күні ұлттық спорт түрін насихаттау мақсатында қол күрестіру, гір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінде өзара сайыс өткізіп, өнерлерін көрсетті.
Жеңімпаздарды ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлы алғыс хаттармен марапаттап, ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, төл дәстүрімізді жаңғыртуға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал ететінін айтып өтті.
Баспасөз хатшысы Әсем Көбенова.