02 сәуір - 5 маусым аралығында "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде "Парктер шеруі - 2024" Халықаралық табиғатты қорғау акциясы «Табиғат - біздің анамыз, Біз табиғатқа панамыз!» атты ұранмен өткізілетінін хабарлаймыз!
Парктер шеруі - табиғатты қорғау мақсатында табиғат жанашырларын біріктіретін экологиялық акция. Акция кезінде әртүрлі экологиялық іс-шаралар, шерулер мен концерттік бағдарламалар, экологиялық байқаулар, брифинг пен дөңгелек үстелдер, экологиялық сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары, ағартушылық дәрістер, көрмелер өтеді. Аталмыш акцияға жергілікті тұрғындар, бұқаралық ақпарат құралдары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік билік органдары жұмылдырылады.
ЭАРТ бөлімі.