Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы «2024 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы №27-4/61-НҚ бұйрығымен өрт қаупі бар маусым сәуір айының 8-інен басталады.

Өрт қаупі бар маусым – бұл көктемде жердің қардан босануынан және оның еру іздерінен басталып, күзде тұрақты жауын-шашын түскенге дейін жалғасатын уақытша кезең. Өрттің негізгі факторы көп жағдайда адамның ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Негізгі жұмыс - күн жылынғаннан басталады, мысалы, қауіпті аймақтардағы құрғақ шөптерді профилактикалық күйдіру және мемлекеттік орман қорының айналасындағы минералданған белдеулерді жаңарту болып табылады. 

Өрт қаупі бар маусым кезінде ормандарда от жағуды, қоқысты, оның ішінде бүтін және сынған әйнекті қалдырмауды, құрғақ шөпті өртемеуді, сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылын дала, орман аумақтарында қозғалу кезінде тастамау жөнінде Үржар, Мақаншы аудандарының халқымен үгіт насихат және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға өрттің алдын алу және маусымдық өтті болдырмау туралы үнпарақтар таратылды. Жоғарыда атқарылған жұмыстар ұлттық паркіміз ашылғалы бері үнемі жүргізіліп келеді.

«Өрт – тілсіз жау. Өрт шыққан кезде құдық қазуға кеш болады» - деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Сондықтан да өрт қауіпсіздігін әрдайым сақтап, қоршаған ортамызды аялап ұстайық!

«Тарбағатай» МҰТП мемлекеттік инспекторы Б.Сәрсебаев.

 img

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95