Бүгін, сәуір айының 2-сі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен Үржар ауылының Батырлар аллеясында «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Біржан Қадырұлы мен ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлы акцияға қатысушыларға құттықтау тілектерін айтып өтті. Экологиялық акция шерумен бастау алып, концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.
Акцияға ұлттық парк қызметкерлерімен қоса, Үржар аудандық әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, жас орманшылар одағы, аудан мектептері мен тиісті мекемелер атсалысты. Қатысушылар саны – 320 адам.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.