Абай облысы, Үржар ауданы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің 8-11 сыныптардан 151 оқушы мен 23 мектеп қызметкерлері «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында “Табиғатты аялайық!" тақырыбында экологиялық сенбілік өткізді.
Сенбіліктің мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге және мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру болды.
Экологиялық акцияға ұлттық парктен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкері Р.Корпешов қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 175 адамды құраған.
Экскурсия жетекшісі Эльдар Баженов.