«Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді. Аталған шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Апта сайын аудан және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылып, мемлекеттік инспекторлар табиғат тазалығын сақтауда белсенділік танытуда.
11 сәуір күні ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан «Тарбағатай» мен «Құлынжон» (зоологиялық) қаумалдарының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары да өз айналымдарында сенбілік жұмыстарын өткізді. Себебі, сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара болғандықтан, тазалықты жанына серік еткен мемлекеттік инспекторлар сенбілікте ерекше белсенділік танытты.
Іс-шара нәтижесінде шыны бөтелке, темір қалбырлар, пластиктер мен күл-қоқымдардан құралған 120 кг қоқыс мемлекеттік инспектор Ж.Бұлғынбаевтың жеке УАЗ көлігімен қоқыс полигонына шығарылды. Сенбілікке қатысушылар саны – 15 адам.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.