Сәуір айының 11-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері мен Қарабұта ауылының мемлекеттік инспекторлары «Қарабұта орта мектебі» КММ 7-8 сынып оқушыларына «Білмектің кілті – білім мен ғылымда» атты тақырыппен семинар сабағын өткізді.
Сабақтың шарты бойынша екі команда арасында табиғатқа байланысты сайыстар өткізілді.
Сабақ барысы таныстыру, ой-толғақ, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ, экодизайнерлер сайысы мен «Біз көңілді баламыз!» деген бөлімдерді қамтыды.
Семинар нәтижесінде оқушылар білгендерін жүйелеп, өздерінің білім деңгейлерін, ойлау деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете отырып, тыңдаушылардың назарын өздеріне аудара білді.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.