ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары Зайсан қаласының «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ-нде «Парктер шеруі - 2024» тақырыбында брифинг өткізді.
Қысқа мәжіліс барысында мемлекеттік инспекторлар жергілікті әкімшілік мамандарын, мектеп оқушылары мен ұстаздарын, ағымдағы жылдың наурыз айының 26-сы күні ұлттық парк директоры А.Серкебаев бекіткен «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарымен таныстырып, слайд арқылы экологиялық акцияның маңызы мен барысын түсіндіріп өтті.
Қатысушылар брифингте қозғалған тақырыптарға оң көзқарас танытып, экологиялық акцияға атсалысуға бел буды.
Қатысушылардың жалпы саны – 50 адам.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.