Зейнеткерлік жас – адам өмірінің мағыналы белесі. Саналы ғұмырын бала-шағасына арнап, еліне қызмет еткен еңбектің зейнетін көретін уақыт. Біз «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен халықпыз.
23 сәуір күні ұлттық парк ұжымы білім мен біліктіліктің арқасында табиғатты, қоршаған ортаны қорғау саласына айтулы үлес қосқан мемлекеттік инспектор Құрманқожанов Самат Зәкенұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Самат Зәкенұлының еткен еңбегі мен төккен терінің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай отбасының ортасында жүре беруіне тілектеспіз! Құрметті демалысы 100 жасқа дейін ұлассын!
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.