"Тарбағатай" МҰТП аумағында жабайы жануарлар популяциясын тиімді қорғау үшін инспекторлық құраммен есепке алу жүргізіледі, сондай-ақ көші-қон жолдары мен шоғырланған жерлер қадағаланады. Жануарлардың маусымдық қоныс аударуы жүйелі сипатқа ие, жылына екі рет көктем мен күз мезгілінде өткізіледі. Тарбағатай тауларындағы учаскеде қыс мезгілінде көп қар жауатынын ескерсек, осының негізінде мекендейтін арқарлар қыс мезгілінде азық-түлік базасы қолайлы төменгі учаскелерге түседі. Көктемде маусымның осы уақытында жоталар ашылғаннан кейін жануарлар Тарбағатай тауларына қоныс аудара бастайды. Сондай-ақ қорғалатын аумақтардан тыс көші-қон жолдарында да жануарларды қорғау қамтамасыз етілді. Нәтижесінде мемлекеттік инспекторлардың арқасында арқарлар саны артып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, тау қойы (арқар) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша заң бұзушының "заңсыз аң аулауы" 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл, не үш жылға дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, не мүлкі тәркіленіп, үш жылға бас бостандығынан айыруды күтеді. Заңсыз аң аулағаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған.
Аңшы-биолог Азамат Рахымбеков.