2-3 мамыр аралығында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторларымен «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының жоспарына сәйкес «Таза өзен – таза жағалау!» акциясы өтті. Осы уақыттарда туризм бөлімінің қызметкерлері Ақтоғай және Бестерек мемлекеттік инспекторларының бірлескен түрде өткізген сенбілігіне қатысты.
Біз үшін өзеннің жағасын қоқыстан тазалау маңызды іс-шара болып табылады. Себебі, өзендер ғаламшардағы ең маңызды табиғи ресурстардың бірі. Олар ауыз су, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да тіршілік салалары үшін тұщы суды қамтамасыз етеді. Өзеннің жағалауы суға түспес бұрын қоқыс пен ластағыш заттарды ұстап қалып, сүзгіш қызметін атқарады. Егер жағалаулар қоқыспен толтырылса, онда бұл судың ластануына және оның сапасының нашарлауына әкеп соғады. Бұл жалпы экожүйеге кері әсерін тигізеді.
Өзен жағалауларындағы қоқыс қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауды бұзатыны ескерілее отырып, Ақтоғай өзенінің бойынан жиналған қоқыстар мемлекеттік инспектор Ш.Қоштаевтың жеке көлігімен қоқыс полигонына шығарылды. Акцияға жалпы 73 адам қатысты. Мемлекеттік инспекторларға ұлттық парк аумақтарын таза етуге ұмтылыстары үшін алғыс айтамыз!
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.