Жаз қызығы – жақсы демалыс демекші, жайдары жазбен бірге табиғат аясында демалу маусымы басталды. Елімізде жыл басынан сонау қыркүйектің аяғына дейін табиғат аясында орын алатын өрттің саны күнен күнге артуда, бұның барлығы да адамзаттың табиғат-анаға деген немқұрайлы көзқарасынан туындайтындығы сөзсіз. Өрттің шығуына бірнеше себептерді атап өтсек, ол демалыс орнында өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарының сақталмауы, яғни қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету.

          Өрт салдарынан табиғи қалыптасқан тепе-теңдікт бұзылып,  табиғатымыздың таптырмас байлықтарына үлкен зиян келеді. Қоршаған ортада өрттің орын алуына себепші болғыңыз келмесе, отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағып, орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіріп кетулеріңізді және жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауларыңызды сұраймыз.

Есте сақтаңыз! Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау – әр азаматтың міндеті. Өртті сөндір­геннен, алдын алған оңай!

Орманшылық басшысының көмекшісі: Мақпал Аманғазы.

 1

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95