Ұлттық парктің аумағында жүргізілген далалық іс сапар кезінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген Безгелдек (Tetrax tetrax) құсы фотоға түсірілді.
Безгелдек — дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі (салмағы 600-900г). Денесі қоңыр, бауыры - ақ. Аталығының қара мойнында екі ақ жолағы болады. Олар жұптасып тіршілік етеді, Мамырда аналығы 3-5 жасыл түсті жұмыртқаларын салады да бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамыз айында ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, ересектері дән және өсімдік өркендерімен қоректенеді.
Безгелдекті ұлттық парткің жазық аймақтарынан кездестіруге болады.
Мәтін авторы: Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі;
Фотоға түсірген: ғылыми қызметкер Г.Рахметоллаева.