13-сәуір күні ұлттық парк кеңсесінде ұлттық парк қызметкерлері Үржар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Үржар аудан әкімдігінің төтенше жағдайлар бойынша  маманының және ДЭУ-24 қызметкерінің қатысуымен ауданымыздағы өрттің алдын алу іс-шараларына кеңесу мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Ұлттық парктің орман қорғау инженері М.Малгельдиновтың тарапынан аудан әкімдігінің төтенше жағдайлар бойынша  маманына өз аумақтарында болатын өртті сөндіру үшін өздері заманауй өрт сөндіру аппараттарымен қамтылуларына ұсыныс жасалды. Ал оқу жаттығу мамыр айына жоспарланып отыр.

Сәуірдің 24-і күні “Тарбағатай” МҰТП Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Үржар ауданы тарихи – өлкетану музейінде» «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Халықаралық Жер күні» экологиялық акциясы КӨРМЕ ретінде өткізілді. Аталмыш акцияға Үржар ауданы бойынша мектеп оқушылары қатысты.

Аққулар аса киелі, ерекше сезгіш әрі сақ құс. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізіп, жақсы жүзіп, бірақ сүңги алмайтын, құрлыққа сирек шығатын құс.  Қазақстанда аққудың 6-7 түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар  деген екі түрі мекендейді. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

1971 жылы 21 наурызда  БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімен  жарияланған  бұл  атаулы күн  бүгінде дүниежүзінің 167 мемлекеттінде Дүниежүзілік Жер күні  сәуірдің 22-інде  атап өтіледі.

Бұл атаулы Жер күнін  алғаш рет 1990 жылы халықаралық мейрам ретінде атап өтілді.

Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан, Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес, әрі мағыналас. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қорғай білу, қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.

Табиғатымыз аман болсын!

Табиғатты түсіне білейік!

Экскурсия жөніндегі нұсқаушы Н.Абайхан.

Сәуірдің 21-і күні “Тарбағатай” МҰТП Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Үржар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-мен, «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ-нің Жас орманшылар одағымен, Қарабұлақ ауылдық округі әкімшілігімен бірлесіп «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясын өткізді. Аталмыш акция тек Үржар ауданын ғана емес, Үштөбе мастерлік учаскесін де қамтыды.

Акция барысында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне ағаш отырғызудың маңызын түсіндіру мақсатында қазақ ертегісін тыңдатып, қысқаша баяндама айтып өтті. Тәрбиеленушілер де қалыс қалмай, сахнада өздерінің әзірлеген концерттік бағдарламалары арқылы ән салып, би билеп өнерлерін ортаға салып, ұлттық парк директоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Акция соңында белсенді түрде, бірлескен ағаш отырғызу жұмыстары мен құс ұяларын ілу шаралары жүргізілді.

Арқарлар ұлттық парктің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда арқардың мекендеу аумағы 90.0 мың га құрайды. Қарабас және Арқалы таулары қар жамылғысының болмауына және жем-шөп базасының көптігіне байланысты жабайы қойлар үшін қысқы шоғырлану орны болып табылады. Мал басын есептеу негізінен маусымдық көші-қон кезеңінде, арқарлар шағын табындарға жиналған кезде жүргізіледі.

Ұлттық парк аумағында жабайы жануарлардың қысқы санағы аяқталды. Санақты барлық инспекторлық құрам мен ғылым бөлімі бірлесіп откізілді. Парк аумағында 200 шақырымнан астам маршруттық есеп жүргізілді. Алайда ұлттық парк  аумағының бөлшектенуі нақты санауға мүмкіндік бермейді, өйткені жануарлар үнемі бір жерде тұрмайды, маусымдық көші-қон кезінде олардың саны едәуір артады. Жануарлардың санағы қысқы маршруттық есепке алу әдісімен, сондай-ақ таулы аймақтарда фототұзақ құрылғысымен жүргізілді. 2023 жылғы деректерді талдай отырып, жануарлар санының оң динамикасын атап өтуге болады. Оған қыс мезгілінде азықтандыруды қоса алғанда,  жабайы табиғатты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар айтарлықтай әсер етті. Өткен жылмен салыстырғанда тұяқтылардың 8-9% - ға өсуі байқалады, жануарлардың аштықтан немесе аурудан өлу факторлары байқалмады. Жалпы алғанда, санның көрсеткіштерінің  ауытқуы парк учаскелерінің орналасуын ескере келе қалыпты жағдай болып табылады. Қыста жануарлардың көп бөлігі аз қарлы жерлерге немесе парк аумағынан тыс жерлерге көшеді.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95