- Толығырақ
«Жас ақындар үнімен, табиғатты қорғайық бүгіннен!» байқауына 8-16 жас аралығындағы балалар қатысады.
Өткізілу шарты:
• Ұлттық парк учаскелеріне қарасты: Тарбағатай тауы, Қарабас тауы, Әлет үлескесі (учаскі) жайында аңыз-әңгіме ойластыру немесе өлең шығару. Байқауға қатысушы еңбектерін алдын-ала ұлттық парктің Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына 11-16 мамыр аралығында өткізу керек (хатқа қатысушының ТАЖ, мектебі және сыныбы жазылуы керек). Жазылған аңыз-әңгіме немесе өлең тақырыпқа сай болуы керек.
- Толығырақ
Сәуір айының 26-сы күні Абай облысы, Аягөз қаласында «Семей орманы» МОТР «Тау-Дала» филиалының Аягөз орманшылығымен ұйымдастырылған «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты ауқымды түрде өтті.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм және Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімдерінің қызметкерлері аталмыш акцияның қонағы болдық. Экологиялық акцияға жергілікті 11 мектептің оқушылары ұстаздарымен, жергілікті атқарушы ұйымдар және «Семей орманы» резерватының мемлекеттік инспекторлары қатысты. Қаланың орталық алаңына экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтын 300-ден астам адам жиналды.
Дәстүр бойынша іс-шара экологиялық акцияны қолдау туралы лозунгтар мен плакаттар ұсталынған салтанатты шерумен басталды. Сосын жас өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт болды. Экологиялық акция аяқталар алдында «Семей орманы» МОТР бас директорының у.м.а. Байжан Мұсақановтың алғыс хатын алып, ағаш отырғызу акциясына қатысып, өзіміз апарған ағаш көшеттерін отырғызып қайттық.
- Толығырақ
Сәуірдің 24-і күні “Тарбағатай” МҰТП Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Үржар ауданы тарихи – өлкетану музейінде» «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Халықаралық Жер күні» экологиялық акциясы КӨРМЕ ретінде өткізілді. Аталмыш акцияға Үржар ауданы бойынша мектеп оқушылары қатысты.
- Толығырақ
1971 жылы 21 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімен жарияланған бұл атаулы күн бүгінде дүниежүзінің 167 мемлекеттінде Дүниежүзілік Жер күні сәуірдің 22-інде атап өтіледі.
Бұл атаулы Жер күнін алғаш рет 1990 жылы халықаралық мейрам ретінде атап өтілді.
Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан, Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес, әрі мағыналас. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қорғай білу, қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.
Табиғатымыз аман болсын!
Табиғатты түсіне білейік!
Экскурсия жөніндегі нұсқаушы Н.Абайхан.
- Толығырақ
Сәуірдің 21-і күні “Тарбағатай” МҰТП Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Үржар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-мен, «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ-нің Жас орманшылар одағымен, Қарабұлақ ауылдық округі әкімшілігімен бірлесіп «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясын өткізді. Аталмыш акция тек Үржар ауданын ғана емес, Үштөбе мастерлік учаскесін де қамтыды.
Акция барысында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне ағаш отырғызудың маңызын түсіндіру мақсатында қазақ ертегісін тыңдатып, қысқаша баяндама айтып өтті. Тәрбиеленушілер де қалыс қалмай, сахнада өздерінің әзірлеген концерттік бағдарламалары арқылы ән салып, би билеп өнерлерін ортаға салып, ұлттық парк директоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Акция соңында белсенді түрде, бірлескен ағаш отырғызу жұмыстары мен құс ұяларын ілу шаралары жүргізілді.
- Толығырақ
19-сәуір күні «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық парктің мұражай-кабинетінің лентасы кесіліп, ашылу салтанаты болып өтті. Келген қонақтардың ішінде ұлттық парк қызметкерлерін қоса алғанда, Үржар аудандық музейінің директоры С.Туғанов пен Абай облысының кәсіпкерлер палатасының Үржар аудандық филиалының директоры Л.Шиянов, Жастар ресурстық орталығы мен Уақыт тынысы редакциясының қызметкерлері, сондай-ақ Б.Момышұлы орта мектебінің жас орманшылар одағы мен жетекшісі Ж.Абдирова болды.
Мұражай-кабинеті ішінде қонақтар осы уақытқа дейін өткізілген «Парктер шеруі» акциясына қатысқан балалардың қолөнер еңбектерін көріп, 3Д карта арқылы ұлттық парктің 4 туристік маршруттарымен танысып, көрікті жерлерін тамашалағаннан кейін ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаев Б.Момышұлы орта мектебінің жас орманшылар одағын және тәлімгері Ж.Абдированы «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясына белсене атсалысып жүргендері үшін алғыс хатпен марапаттады.
- Толығырақ
* «Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының шеңберінде «Тазалықты өзімізден бастайық!» атты сенбілік ұйымдастырылды.
• Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған ауданымызды қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары басталды. Ауыл тазалығы, оның көркі мен сәні әрбір тұрғынның өз ауласы мен үйінің маңайынан басталады емес пе? Аудан орталығында тұратынымызды көпшілігіміз ұмытып кететін болуымыз керек. Жан-жағыңызға қарасаңыз үй иелерінің жекеменшік баспанасының ауласы мен маңайын абаттандыруға құлықсыздығының, ал көпқабатты пәтерлердің жан-жағына қоқыстарын қалай болса солай лақтыра беретіндігінің куәгері боласыз. Міне, осындай тәртіпсіздікке аудан, ауыл басшылары қатаң шара қолданса деген ойдамыз. Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу береді. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да белсене қатыссақ, нұр үстіне нұр болар еді.
• Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар.
• Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!
Автор ЭАРТ бөлім басшысының м.а - Д.Керимтаева.
4 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры