- Толығырақ
Сәуір айының 6-сы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Ақшоқы ауылының Тұрағұл Қоңыр орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларымен «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Білмектің кілті білім мен ғылымда» тақырбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында екі команда арасында табиғатқа байланысты сайыстар өтті.
1. Таныстыру. Команда аттарын таныстырып, команда ұранын айтты;
2. Ой-толғақ. Командалар презентация мен плакаттар дайындап, қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар, оларды болдырмау, алдын алу туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
3. Мың бір мақал. Табиғатқа қатысты мақал-мәтелдер айтып жарысты.
4. Жүз бір жұмбақ. Бір-біріне табиғатқа байланысты жұмбақтар қойып, шешуін тапты.
5. Эко-дизайнерлер. Әр команда балалары қалбыр, құмыра, кортон жәшік сияқты іске жарамсыз қалдықтарды сол сәтте безендіріп, формаға келтіріп, кәдеге жаратты.
6. Біз көңілді баламыз! Командалар құстарға байланысты әннен шашу шашып, алғыс қағаздармен марапатталды.
- Толығырақ
6-сәуір күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі мен @urjar_jastary бірлесе отырып, «Болашақ» саябағында «Парктер шеруі - 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Жауқазындар күні» экологиялық акциясын атап өтті. Акцияға І.Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушылары да атсалысты. Акция барысында жасөспірімдер түрлі сайыстар мен квест ойындар арқылы бір-бірлерімен танысып, достасып үлгерді.
- Толығырақ
«Парктер шеруі-2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының шеңберінде «Табиғат - тал бесігің, аялай біл!» атты сенбілік ұйымдастырылды!
Бүгін 13 сәуір Үржар ауданының әкімі Н.Тоқсеитовтың бастамасымен Үржар ауылы бойынша сенбілік өтті. Аталған шараға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, жергілікті атқарушы ұйымдарының қызметкерлері, мектеп оқушылары және Үржар ауылының тұрғындары қатысты.
Бабалар- табиғатты аялаған,
Малын бағып, бауырын саялаған.
Табиғатты “Анам” деп ардақ тұтып,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.
Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көркейтеміз десек, санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар.
Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!
Рекреация және туризм инженері - Дәулет Тоқтасынұлы.
- Толығырақ
Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар жастар ресурстық орталығымен және еріктілер тобымен бірлесіп, «Болашақ» паркінде «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында өткен «Құстар – біздің досымыз!» байқауына әзірленген құс ұяларын ілді. Іс-шараға Семей қаласынан Облыстық «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры А.Толеуканов келіп қатысты.
- Толығырақ
Көрмеге Үржар ауданының бүкіл мектептері қатыса алады.
Өтетін күні: 24 сәуір, 2023 жыл.
Уақыты: Сағат 10:00-де.
Өтетін орны: Үржар тарихи өлкетану музейі.
- Толығырақ
Сәуір айының 6-шы жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2023» табиғатты қорғау акциясы аясында Мақаншы ауылдық округінің « Ә.Найманбай атындағы орта мектеп» КММ-нің 8 сынып оқушыларымен бірлесіп, «Қызғалдақтар күнін» атап өтті. Аталмыш шара барысында ғылыми қызметкерлер дайындаған дәріс мәліметтерімен бөлісті. Содан кейін, оқушылар арасында түрлі ойындар ойнатып, оқушылардың қызығушыларын оятты. Шара соңында «Қызғалдақтар күні» акциясына белсенді қатысқандары үшін оқушылар мадақтама грамотасымен марапатталды.
ҒАЭМ бөлімі.
- Толығырақ
1-сәуір халықаралық құстар күніне орай «Құстар – біздің досымыз!» байқауы «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында 3-сәуір күнінен бастау алды. Байқауға Үржар ауданының мектеп оқушылары белсене атсалысты.
Мақсатымыз - отбасының үлкендері арқылы балаларына ұя жасауды үйретіп қана қоймай, құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері екенін ескертіп, құстардың барлық түрлеріне үнемі қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеу.
Жасалған жұмыстар тәуелсіз алқа мүшелерімен 5-сәуір күні сарапталып, дәл сол күні байқау қорытындысы анықталды:
Бас жүлдегер – Жансүгіров орта мектебінің 2-сынып оқушысы Асхат Архат;
1 орын – Б.Момышұлы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Садыров Елнұр;
2 орын – Б.Момышұлы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Амантай Асылжан;
2 орын – Абылайхан орта мектебінің 8-сынып оқушысы Көшербаев Серікбол;
3 орын – Абай орта мектебінің 3-сынып оқушысы Қасембаев Әмір.
3 орын – Жансүгіров орта мектебінің 5-сынып оқушысы Асхат Рахат.
5 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры