- Толығырақ
18 мамыр күні Халықаралық мұражай күніне орай «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде мектеп оқушылары арасында «Жас ақындар үнімен, Табиғатты қорғайық бүгіннен!» атты ақындар байқауы ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Байқауға қойылған талап: Ұлттық парк учаскелеріне қарасты Тарбағатай тауы, Қарабас тауы, «Әлет» ботаникалық бағы, т.б. жайында аңыз-әңгіме ойластыру немесе өлең шығару болатын.
Мақсаты: Жас ақындардың сөз байлығын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру, туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін ояту.
Мүшайраға 21 жас ақын өлең, аңыз, эссе, прозаларды есептегенде 23 шығарма ұсынды. Құрамы 5 адамнан тұратын қазылар алқасы ақындардың өлеңдеріне төрелік етті:
- Толығырақ
«Парктер шеруі — 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылуына орай «Спорт! Табиғат! Денсаулық!» атты экологиялық эстафета ұйымдастырылуда.
- Толығырақ
Мамыр айының 17-сі күні Үржар аудандық стадионында «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен «Халықаралық отбасы күніне» байланысты «Эко-десант» отбасылық спорттық сайысы болып өтті. Спорттық сайысқа Үржар ауылының мектептері бойынша 5 отбасы қатысты.
Бұл сайыстың мақсаты:
- оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығына қоршаған ортаның ластануы кері әсер ететінін түсіндіру;
- жұртшылықтың санасына айналамызды таза ұстау отбасы тәрбиесінен бастау алатынын қалыптастыру;
- салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
- оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру;
Конкурс нәтижесі:
1 орын – Абылайхан ОМБ;
2 орын – Тұрлыханов ОМБ
3 орын – Б.Момышұлы ОМБ
- Толығырақ
16-мамыр күні «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен, кәсіпкерлермен және жергілікті атқарушы ұйымдардың мамандарымен Тарбағатай ұлттық табиғи паркі туралы дөңгелек үстел өткізді.
- Толығырақ
15-мамыр күні ЭАРТ бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі – 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде «Туған жерге тағзым» экологиялық акциясын өткізді. Абылайхан орта мектеп-бақшасының Жас орманшылар одағын «Қарабас» туристік маршрутына экскурсияға апарды.
Оқушылар аудан орталығынан 110 км қашықтықта орналасқан, теңіз деңгейінен 1500 м биіктіктегі Қарабас тауына бірінші рет барып отырғандарын жасырмады. Маршруттың басынан соңына дейін 9 км құрайды. Жас орманшылар сол маршрут бойындағы тау шыңында орналасқан ІІХК мөрін өз көздерімен көріп, тарихын тыңдады. Артынша тау бөктерінде орналасқан петроглифтерге қарай жол тартып, ол жерде петроглифтер мен Қарабас тауы туралы аңызға қанық болды.
Жас орманшылардың жүздерінен шаршаңқылық байқалса да, біріңғай киім үлгісін киіп, ұлттық парк қызметкерлерімен бірге фотоға түсіп қайтты.
Аталмыш акцияға 25 адам қатысты.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова
- Толығырақ
12-мамыр күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі — 2023» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының «Ең үздік лозунг» конкурсынын қортындысы бойынша «Туристік маршрутқа саяхат» сертификатын ұтып алған гран-при иелері «Жасыл ел» тобы мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерін «Әлет» туристік маршрутына саяхатқа шықты.
Саяхатшыларға алдымен техника қауіпсіздігі туралы ақпараттандырылды.
Саяхатшылармен «Әлет» туристік маршруты бойымен саяхат жасап, табиғатты тамашалап, экскурсия барысында көптеген ақпараттарға қанық болды.
Демалыс үйінің алдына өз қолдарымен гүл көшеттерін отырғызды.
Әртүрлі ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізді.
2 бет. Барлығы: 7
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- 7
- Алға
- Аяқ жағына
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры