«Парктер шеруі — 2023», «Ұлттық паркіміздегі туризм саласы» және «Өлкетанушылардың табылған заттары»
- Толығырақ
2023 жылдың 26-наурызы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшілері Э.Баженов пен Н.Абайхан Семей қаласының Өлкетану қонақ бөлмесінде қызметкерлерімен бірлесіп «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы,«Ұлттық паркіміздегі туризм саласы» және «Өлкетанушылардың табылған заттары» тақырыбында облыстық іс-шара өткізді. Іс-шараға Семей қаласының жергілікті тұрғындарымен қатар, Жапония мемлекетінен келген тарихшылар да қатысты. Қонақтарды Тарбағатай тауы, ондағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен «Әлет» алма бағы қатты қызықтырды.
- Толығырақ
Мемлекеттік инспекторлар мен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері халыққа «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанатына қатысуға шақырып, сонымен қатар үнпарақтар мен брощюралар таратып, насихаттау жұмыстарын жүргізді.
- Толығырақ
Қазақстанда «Парктер шеруі» Халықаралық табиғат қорғау акциясы басталды, ол 1996 жылдан бастап наурыз-маусым айларында дәстүрлі түрде өтеді.
Аталмыш акция Үржар ауданында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет 2019 жылдан бастау алып, биыл қатарынан 5-ші жыл өткізілмек.
- Толығырақ
Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданының жергілікті атқарушы ұйымдарын аралап, «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын түсіндіріп, келісім парағына қол қойдырды.
- Толығырақ
Наурыз айының 14-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері ұлттық парк директорының м.а. Қ.Сәрсембаевтың қатысуымен кеңсеге орман шеберлерін жинап, «Парктер шеруі — 2023» халықаралық табиғаттықорғау акциясының жоспарын таратып, түсіндіріп, өткізу шарттарын талқылап, жауаптыларды белгіледі.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры