- Толығырақ
47 айналымның орман шебері О.Қасенов пен мемлекеттік инспекторлары Б.Сәрсебаев, А.Шидербаев, М.Қонаев, Е.Есімбаев қытымыр қыс мезгілінде өздеріне қарасты учаскеде жабайы жануарлардың өмiр сүру жағдайларын жақсартуға, оларды қорғауға және санын арттыруға, азықтық және қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған iс-шаралар жүргізді.
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.
- Толығырақ
21 қаңтар күні «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары «ОХОТЗООПРОМ» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ШҚО бойынша қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында аумақта ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ.
- Толығырақ
18 қаңтарда "Тарбағатай" МҰТП" РММ-нің мемлекеттік инспекторы Гергенрейдер Екатерина 1-2 сынып оқушыларына арналған "Біздің өлкемізде қыстайтын құстар!» атты тақырыпта семинар сабағын өткізді.
Мақсаты:
✓Балалардың қыстайтын құстар туралы білімдерін кеңейту және жандандыру;
✓Туған жердің табиғатына және оның мекендеушілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
✓Оқушылардың қыстайтын құстардың алуан түрлілігі және оларға көмектесу туралы білімдерін жүйелеу және байыту.
- Толығырақ
«Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының орман шебері Аманғазин Думан мен мемлекеттік инспекторлары Бұлғынбаев Жанатбек, Рашидов Арман, Құрманқожанов Сандыбат, Алпысов Нұрлан, Базилов Мұхтар ұлттық парк территориясында орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, өрт қауіпсіздігі мен тазалық сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.
- Толығырақ
Маубас жапалақ ( Otus scops) —жапалақ тәрізділер отрядына жататын кішкентай құс. Дене мөлшері 19-21 см, салмағы 60-130 г, қанаттарының ұзындығы 50 см-ге дейін.
- Толығырақ
Тарбағатай таулары - сирек кездесетін ағаштар мен бұталардың (Сиверс алма ағашы, ледебур бадамы, Алтай бөріжидегі және т.б.) және шөптесін өсімдіктердің (ақшыл сепкілгүл, инелі кекіре және т. б.) өсетін жері. Жануарлар әлемінің сирек кездесетін түрлерінің ішінде бұл аумақта арқар, аққұба сусар, қара дегелек, лашын, бүркіт және басқа құстар тобы мекендейді, мұнда құстардың алуан түрлілігі 200-ден астам түрге жетеді.
Қарабас таулары Қарабұта ауылынан 10 км қашықтықта Қытаймен шекарада орналасқан. Қарабас шөлді таулары Қазақстандағы жыртқыш құстар (ителгі, бүркіт, қара құс, жылан жегіш қыран, дала күйкентайы), қара дегелек, дуадақ, үкі, қылқұйрық бұлдырық, қара бауыр бұлдырық ұялары, сондай-ақ арқар, тас сусары, сабаншы мекендейтін негізгі аумақтардың бірі болып табылады.
- Толығырақ
Алтай суырлары (Marmota baibacina) - көптеген тау тұрғындары осы кішкентай кеміргіштерге өмірлерімен қарыздар, өмір салты мен біртұтастығының арқасында суырлар өте сақ, қауіп төнген кезде туыстарына қатты ысқырықпен хабарлайды.
Бейне және мәтін авторы "Тарбағатай" МҰТП аңшы-биологы.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры















