2024 жылдың 04-желтоқсаны күні "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры А.Серкебаевтың төрағалығымен Қарабұйрат, Үржар, Мақаншы, Бақты орманшылығының қызметкерлеріне жалпы жиналыс өтті.

         Жиналыс барысында қозғалған мәселелер:

- Ұлттық парк аумағында браконьерлікке қарысы және орман заңнамасын бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында күзету жұмыстарын күшейту;

- жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен, басқа да табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен бірлескен рейттік іс-шара жүргізу;

- 2025 жылға арналған жылдық жоспар, жол картасын жасау;

- орманды жанама пайдалану, яғни ұлттық парк аумағында мал жаю бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

- ЕҚТА заңының сақталуын қамтамасыз ету;

- Үржар, Мақаншы аудандарының ауылдық округтерінде өткізілетін жиындарға қатысу;

- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы мен "Азаматтық қызметшілердің Әдеп кодексін бекіту туралы" Кодекс талаптарының сақталуы.

№1 №1 №1 №1

 

Баспасөз хатшысы: Ә.Көбенова.

#Тренд

#Милыйтренд

#ТарбағатайМҰТП

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Ғ. Тұрғамбаев Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының табиғат қорғау мекемелерінің басшыларын тыңдады.

         Кеңесте өткен кезеңдегі жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, проблемалық мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Ғ. Тұрғамбаев тыңдау қорытындысы бойынша Катонқарағай және Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, Марқакөл және Батыс Алтай табиғи қорықтарының, «Семей орманы» орман резерватының басшыларына ормандарды өрттен қорғау және заңсыз ағаш кесу, ормандарды молықтыру және орман өсіру, ғылыми-зерттеу, экологиялық-ағарту және туристік-рекреациялық қызмет бойынша жұмыстарды жүргізуге ерекше назар аудару, сондай-ақ мекемені басқару жоспарына сәйкес барлық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

1 1

Баспасөз хатшысы: Ә.Көбенова.

"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары өздерінің қызметтерін бекітіліп берілген аймақта жүзеге асырады. Әр инспектордың құзырет аймағы заңнамалық құжаттармен нақты айқындалады. Бұл инспекторларға қызметтік міндеттерін тиімді атқаруға мүмкіндік береді.

         Жұмыс барысында мемлекеттік инспекторлар заңнамаларға сәйкес аумақты бақылау мен қадағалау функцияларын орындайды, заң бұзушылықтарды анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды және орманшылық басшысына аумақ бойынша бақылау іс-шаралары туралы күнделікті есеп беріп отырады.

 

Видеотүсірілім жасаған: мемлекеттік инспектор Е.Гергенрейдер;

Мәтінін жазған: баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.

2025 жылғы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғауды күшейту шаралары.

zhana zhil

Жаңа жыл мерекесіне дайындық кезеңінде орман шаруашылығы қызметкерлері қылқан жапырақты түрлердің жас ағаштарын қорғау шараларын күшейтеді. 1 желтоқсаннан бастап құқық қорғау органдарының қатысуымен мобильді топтар жұмысын бастайды, басты міндеті — заңсыз ағаш кесудің алдын алу.

         «Жаңа жылдық шыршаларды» дайындау тек жоспарлы кесу жұмыстарының аясында жүзеге асырылуға рұқсат етіледі, ал олардың сатылуы тек тиісті құжаттардың болуымен мүмкін болады. Орманшылар азаматтарды орман ресурстарына қамқорлықпен қарауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырады.

         Толық ақпаратты ресми ресурстардан алуға болады.

 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сұр шіл (Perdix perdix) – шілдер тұқымдасының кең таралған түр. Әр түрлі шөпті далаларда бұталар мен орманды шоқ ағаштар, жазықтар мен өзен алқаптарында өмір сүреді. Негізінен көп уақытын жерде өткізеді, шөптер мен бұталардың қалың өсімдіктері оны жыртқыштардан қорғайды. Шілдердің аяқ бұлшық еттері дамыған, сондықтан ол тез жүгіреді және кедергілерді жақсы еңсереді. Қыста және күзде топтасып өмір сүреді. Көктемде көбею кезеңінде жұпқа бөлінеді. Әрбір жұптың ұя салу үшін өз учаскесі болады.

         Құр (Lyrurus tetrix) – қоныс аударатын құс емес және қыста жылы аймақтарға ұшпайды. Қыс мезгілінде құр көп уақытын қарда өткізеді. Бұл құстар өздеріне қалың қар қабатында шұңқыр жолдар қазып алады. Өмірінің көп бөлігінде бұл құстар белгілі бір аумақты мекендейді. Азық-түлік жетіспесе, олар ең жақсы жем-шөп базасы бар жерлерге ұшып қонады.    

Мемлекеттік инспектор: Екатерина Гергенрейдер.

         «Тарбағатай»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 19-20 қарашасы күндері ұлттық парктің 4 орманшылығының орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторларына «Ұлттық парк аумағындағы тізімделген флора мен фауна өкілдерімен танысу» атты семинар өткізді. Семинар барысында 2024 жылы флора мен фаунаның жаңадан анықталған түрлерімен таныстырып, климаттың өзгеруін түсіндірді. Сондай-ақ, парк аумағында жиі кездесетін құстар мен қызыл кітапқа енген өсімдіктердің анықтамалығын таратты.

                            Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95