- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің жедел топ инспекторлары 2023 жылдың 28-қыркүйегінде рейдтік іс-шаралар барысында, таңғы сағат 07:05-тер шамасында «Тарбағатай» МҰТП РММ-нің аумағына қарасты Қызылту ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан «Алабие» учаскесінде, аңшылық мылтықпен қаруланған 2 ер азамат аюға тұзақ құру кезінде ұсталды.
- Толығырақ
Ұлттық парк директоры А.Серкебаев пен бөлім қызметкерлері сонау 1983 жылдан бері орман қорғау саласында еңбек еткен ардагер орманшы Темешев Ережеп Мұқанұлын құттықтап қайтты.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
- Толығырақ
Түлкілер - жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң. Түлкіні ұлттық парктің аумағынан жиі кездестіруге болады. Жануарлардың бұл түрі өте әдемі, оған сымбатты ұзын денесі, жіңішке тұмсығы және ұзын жіңішке аяқтары ерекше көрік береді.
- Толығырақ
Баршаңызды Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтаймыз! Әлемді әр қырынан тануды, саяхаттауды, жаңа достар табуды және жаныңызды қуанышқа бөлейтін жерлерді тілейміз.
- Толығырақ
Халықаралық туризм күніне орай Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Туризм күні» байқауы 13-25 қыркүйек аралығын қамтыды.
2023 жылдың 25 қыркүйгінде сағат 15-00 де Тарбағатай МҰТП инстаграм парақшасында тікелей эфирде арнайы бекітілген комиссия құрамы жеңімпаздарды анықтады. Байқау жүлдегерлері 27 қыркүйек - Туризм күні бағалы сыйлықтармен және де алғыс хаттармен марапатталмақ.
- Толығырақ
Ағымдағы жылдың 20-шы қыркүйегі күні Үржар аудандық мәдениет үйінде «Еңбек күні» мерекесіне орай әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа деген адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген қызметкерлерді құттықтау жиыны өтті.
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің орман шебері Б.Саудабаев, мемлекеттік инспекторлар Б.Касенбаев, Б.Бегешов, Н.Макаулов, К.Гергенрейдер 2023 жылдың 18-қыркүйегінде ұлттық парк аумағына рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры