- Толығырақ
Осынау шуақты мерекеде жүректеріңізге көктем келсін! Өмірлеріңіз жылдың осы бір таңғажайып мезгілі іспетті гүлденсін! Үйіңізге береке, жайлылық, жылылық тілейміз! Қолға алған барлық бастамаларыңыз жүзеге асып, армандарыңыз орындалсын!
Ізгі тілекпен: «Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы.
- Толығырақ
Ұлттық парк құрамы бұл күні ұлттық спорт түрін насихаттау мақсатында қол күрестіру, гір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінде өзара сайыс өткізіп, өнерлерін көрсетті.
Жеңімпаздарды ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлы алғыс хаттармен марапаттап, ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, төл дәстүрімізді жаңғыртуға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал ететінін айтып өтті.
- Толығырақ
Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.
Бұл күні «Тарбағатай» ұлттық паркі әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтануға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырады!
- Толығырақ
Наурыз айының бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдыратыны сөзсіз! Биыл бұл күн мұсылмандар үшін қасиетті ай Рамазанның бірінші жұмасымен сәйкес келіп отыр.
- Толығырақ
Абай облысында биыл 14-23 наурыз аралығында «Наурыз айының онкүндігі» өтеді. Осы 10 күннің әрқайсысы қасиетті мағынаға толы, әрқайсысы үшін сәйкес тақырып таңдалған.
- Толығырақ
Сіздер — адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар! Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесінде баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!
Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!
Ізгі ниетпен «Тарбағатай» МҰТП ұжымы.
- Толығырақ
7-наурыз күні Үржар ауданының әкімі А.Башимбаев ұлттық паркіміздің қызметкерлері М.Аманғазы мен С.Омарованы көктемнің жарқын мерекесі 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ауданымыздың жан-жақты өсіп өркендеуіне қосып келе жатқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры