«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мекен ететін арқар  қазіргі  таңда Қазақстанның қызыл кітабына (IІІ санат. Таралу аймағы үлкенді-кішілі бөліктерден тұрады) енгізілген. Арқарлар (ovis ammon) – ашатұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тобына, қой тұқымдасына жататын сүтқоректілердің ең ірісі болып табылады.  Арқар атауы моңғол тілінен аударғанда  жабайы қой деген сөз.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі диркторының у.м.а., заңгер Н.Дүйсекеновтың басшылығымен орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен жалпы жиналыс өтті.

Жиналыс барысында Н.Дүйсекенов мемлекеттік инспекторларға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен облыстық аумақтық инспекциялардың мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қауіпті маусымға дайындығын тексеру сапасы бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасында көрсетілген тапсырманы жеткізіп, өрт қауіпті маусымға дайындық пен бақылауды күшейтуді, сондай-ақ өрт сөндіру техникаларының дайындығын қадағалап отыруды тапсырды.

Сәуір айының 24-і күні «Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркінің Ақшаулі учаскесінің орман шебері А.Баужанов пен мемлекеттік инспектор Е.Омаров Абай облысы, Аягөз қаласында «Семей орманы» МОТР» РММ «Тау-Дала» филиалының Аягөз орман шаруашылығымен «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясына қатысып, құрметті қонақ болды.

Акция барысында «№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ ауласында БІРЛЕСКЕН ТҮРДЕ ағаш отырғызу іс-шарасын өткізді. Жалпы саны 80 адам жұмылдырылып, 75 түп көшет отырғызылды.

 Кекіліктер – тауықтәрізділер отрядына жататын жабайы құс. Салмағы 400 – 500 г. Кекілік – отырықшы құс. Жылдың көп мезгілінде 20-30-дан топтанып жүреді. Ұя басқан кезде ғана екі-екіден бөлініп кетеді. Ұяларын жерге, тастардың арасындағы шұңқыр жерлерге 7-ден 24-ке дейін жұмырқа салып, балапан басып шығарады. Жұмыртқаларын қатар жатқан екі ұяда ұрғашысы мен еркегі де басады. Өсімдік дәндерімен, жерде жүретін ұсақ жәндіктермен қоректенеді.

"Тарбағатай" МҰТП аумағында жабайы жануарлар популяциясын тиімді қорғау үшін инспекторлық құраммен есепке алу жүргізіледі, сондай-ақ көші-қон жолдары мен шоғырланған жерлер қадағаланады. Жануарлардың маусымдық қоныс аударуы жүйелі сипатқа ие, жылына екі рет көктем мен күз мезгілінде өткізіледі. Тарбағатай тауларындағы учаскеде қыс мезгілінде көп қар жауатынын ескерсек, осының негізінде мекендейтін арқарлар қыс мезгілінде азық-түлік базасы қолайлы төменгі учаскелерге түседі. Көктемде маусымның осы уақытында жоталар ашылғаннан кейін жануарлар Тарбағатай тауларына қоныс аудара бастайды. Сондай-ақ қорғалатын аумақтардан тыс көші-қон жолдарында да жануарларды қорғау қамтамасыз етілді. Нәтижесінде мемлекеттік инспекторлардың арқасында арқарлар саны артып келеді.

Зейнеткерлік жас – адам өмірінің мағыналы белесі. Саналы ғұмырын бала-шағасына арнап, еліне қызмет еткен еңбектің зейнетін көретін уақыт. Біз «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен халықпыз.

Байқау шарты:

Балабақшалардың ересектер тобы қатысады

•         «Тарбағатай ұлттық паркінде мекендейтін» 2024 жыл құсы маубас жапалақты А3 форматты қағазға қара қарындашпен сурет салулары керек.

•         Сурет міндетті түрде баланың өз қолымен салынуы керек (бастырылып салынған дайын суреттер жарамайды).

•         Суретті бүктеуге немесе орауға болмайды.

•         Суретті әрлеу үшін скотч және басқа да синтетикалық материалдар

   пайдаланбауларыныңызды өтінеміз!

•           Қатысушы жасалған жұмысымен суретке түсіп Instagram әлеуметтік желісіндегі      жеке парақшасында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің @tarbagatai_2018 парақшасын белгілеп, #Тарбағатайжылқұсы2024 хэштегін көрсетіп салуы керек (сурет астында міндетті түрде қатысушының аты-жөні және тобының аты жазылуы керек).

•           Жасалған жұмыстарды ұлттық табиғи парк мекемесіне 25-29 сәуір аралығында  тапсыру керек. 

Суреттің төменгі бетің  оң жақ бұрышында автордың аты-жөні, мектебі және сыныбы, жұмыстың атауы анық және толық көрсетілуі қажет.

Байқау қорытындысы 30-сәуір күні хабарланады.

ЭАРТБ.

qwer

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95