«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман өртін сөндіру стансасында 14 өрт сөндіру қызметкерлері (маусымдық) мен 2 дана АЦ-1,6-40 өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері қызмет етеді.

         Өрт сөндіру қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өрт сөндіру көліктері, жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) мен арнайы киімдер маңызды рөл атқарады. Сол себепті, оларды дұрыс пайдалану ғана емес, дұрыс сақталуларын қамтамасыз ету де маңызды. Консервациялау процесі - өрт сөндіру көліктері, ЖҚҚ мен арнайы киімдердің қызмет ету мерзімі мен тиімділігіне әсер етеді.

         Осыны негізге алған Орман өртін сөндіру стансасының қызметкерлері өрт сөндіру көліктеріне, жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) мен арнайы киімдеріне консервациялау жұмыстарын ойдағыдай атқарды.

1 1

Баспасөз хатшысы Әсем Көбенова.

2024 жылдың  11-қарашасынан бастап, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына  сәйкес, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі аумағында өрт қаупі бар маусым ресми түрде аяқталды.

Осы маусымда ұлттық парк аумағында  жалпы ауданы 2,5 га болатын 1  орман өрті тіркеліп, жедел анықтаудың  және оларды сөндіру үшін уақытылы қабылдаған шаралардың  арқасында  өрт ошағы дер кезінде жойылған  болатын.

Осы орман өртін ескере отырып Ұлттық парк 2025 жылдың өрт қаупі бар маусымына бүгінгі күннен бастап дайындық жұмыстарын жүргізуді қолға ала отырып, Сіздерді Үржар, Мақаншы аудандары бойынша көрікті де әсем табиғатымызды, шағын орманымызды өрттен қорғауға шықырамыз!

foto

Орман қорғау инженері М.Малгельдинов.

Класс-Сүтқоректілер

Отряд-Кеміргіштер

Тұқымдас -Хомяк

Туыс-ондатр

Ондатрдың салмағы 1,8 кг-ға дейін жетуі мүмкін, дене ұзындығы 23-36см, құйрығының ұзындығы дененің ұзындығына тең .Ондатр тәулік бойы белсенді, бірақ көбінесе күн батқаннан кейін және таңертең. Олар жағалаудағы және су өсімдіктерімен де қоректенеді. Суда ауасыз 12-17 минутқа дейін жүзе алады Көру және иіс сезу нашар дамыған, негізінен есту қабілетіне сүйенеді.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

                Қазақстан арқары - үйірлі жануар. Маусымдық қоныс аударады, ал құрғақшылық жылдары немесе қар қалың түскен жылдары – алыс мекендерге кетеді. Таңертең және кешкі уақытта жайылуға шығады, қыста күндіз де жайыла береді. Қазан-қараша айларында күйлеп сәуір-мамыр айларында төлдейді. Жыныстық жағынан 2,5 жаста, ал кейбір саулықтары 1,5 жаста жетіледі. Әдетте 1-2 қозықа туады. Негізгі азықтары – әртүрлі шөптер, сирек бұталардың жапырағын, жемістерін қорек етеді.

 

 

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

Ортаазиялық қабан (Sus scrofa nigripes) - қабан тұқымдасының қорек талғамайтын, күйіс қайыратын сүтқоректі түрі. Қабанның үй шошқасынан ерекшелігі денесі қысқа және тығыз сонымен қатар, қабанның басы ұзын және жіңішке, құлақтары ұзын, өткір және сонымен бірге тік болады. Жоғары қарай өсіп келе жатқан жоғарғы және төменгі азу тістері аталықтарында әлдеқайда жақсы дамыған.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

Ұлттық парк аумағында жабайы жануарлар мен құстардың маусымдық (күзгі) қоныс аударуы басталды. Тұяқтылар жыл сайын әдеттегі маршруттар бойынша бірнеше шағын топтарға бөлініп, қыстайтын жерлерге қарай бағыт алады. Олардың ішінде арқарлар ерекше көзге түседі. Үлкен мүйіздері бар әсем, ірі тау қойлары әрқашан жыртқыштардың ғана емес, браконьерлердің де назарын аударады.  Қызыл кітапқа енген арқарлар жылына екі рет тіршілік ету ортасы үшін жазық далаларды кесіп өтулеріне тура келеді. Көші-қон кезінде арқарлар орта есеппен 10-25 бас болып топтасады. Қыс бойы осы топтарын бұзбай бөлек өмір сүріп,  тек жас ұрпақтарын қалыптастыру кезеңінде (қозылар мен қозыларды тамақтандыру кезеңі) ыдырайды.

         Арқарлардың бүгінгі таңдағы тұрақты мекендейтін 3 учаскесі: Арқалы тауы, Қарабас тауы және Батыс Тарбағатай бір-бірімен ерекше "дәлізбен" байланысады және сол арқылы арқарлар әдеттегі мекендеу орындарына ондаған шақырымдап жүреді. Маусымдық көші-қон кезеңінде "дәлізде" деп аталатын аумақта мемлекеттік инспекторлар автокөліктерді, жылқыларды, қарда жүретін көліктерді, дрондарды пайдалана отырып, тәулік сайын патрульдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тұяқтылардың осал түрін күзетуді және қорғауды қамтамасыз ету үшін көші-қон аймақтарына жақын орналасқан елді мекендерден жергілікті учаскелік полияция қызметкерлері жұмылдырылады.

Аңшы-биолог – А. Қ.Рахимбеков

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95