- Толығырақ
2025 жылдың 29 шілдесі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары мен Бестерек ауылдық округі әкімдігі бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Шараға Бестерек ауылдық округінің әкімі Д.Сағанаев пен округ қызметкерлері де белсене қатысты.
Сенбілік жұмыстары Ақтоғай өзенінің бойында өткізілді. Бұл аумақ — табиғи сұлулығымен көз тартатын ерекше аймақтардың бірі. Алайда соңғы уақытта адамдардың жауапсыз әрекеттерінен бұл өңірде тұрмыстық қалдықтар көбейіп кеткен. Осыны ескерген жергілікті билік пен табиғат қорғаушылары жұмыла әрекет етіп, табиғатты қалпына келтіруге өз үлестерін қосты.
Жалпы 0,7 гектар әкімшілік аумақ тазаланып, 2 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Іс-шараға қатысқан 10 адам табиғатты аялаудың маңызын тағы бір мәрте ұғындырды.
Мұндай акциялар — қоршаған ортаны қорғауға бағытталып қана қоймай, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға жол ашатын игі қадам. Табиғатты таза ұстау — әр азаматтың борышы екенін ұмытпайық.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Кәсподақ ұйымының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 25 шілде күні ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында Абай оқулары байқауы өткізілді. Байқауға мекеме қызметкерлерінің 4 және 15 жас аралығындағы балалары қатысты. Бұл шара ұйым ішіндегі ұжымдық байланысты нығайтып, балалардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытуға, жастардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға қатысушылар 3 жас кезеңі бойынша Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қазылар алқасының шешімімен үздік өнер көрсеткен қатысушыларды мекеме директоры Серкебаев Айдын Серікұлы арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.
Аталған іс-шара қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты. Абай мұрасын дәріптеу — ұрпақтың рухани дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Абай оқулары — тек әдеби байқау емес, бұл — халқымыздың ұлы мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, парасаттылық, білім мен өнерге құштарлықты сіңірудің жарқын үлгісі.
Кәсіподақ төрайымы Салтанат Мәженова
- Толығырақ
Сіздің “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде атқарған ұзақ жылдар бойғы адал еңбегіңізді ескере отырып, зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
🌿Орман шебері ретінде табиғатты аялауға, ұрпаққа аманат етуге қосқан үлесіңіз зор. Сіздің еңбекқорлығыңыз бен жауапкершілігіңіз – кейінгі буынға үлгі.
🎉 Зейнет жасыңыз қуаныш пен тыныштыққа толы болсын. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, алдағы күндеріңізге береке тілейміз!
🎊 Ізгі тілекпен,
“Тарбағатай” МҰТП” РММ директоры А.Серкебаев және ұлттық парк ұжымы.
- Толығырақ
Мен, рекреация және туризм жөніндегі инженер Дәулет Тоқтасынұлы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бастамасымен өткізіліп жатқан экочелленджге өз үлесімді қоспақпын!
Табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы. Рекреация және туризм саласында қызмет ете отырып, мен қоршаған ортаға оң әсер етудің нақты жолдарын таңдадым. Бірінші кезекте, экотуризмді дамытуға атсалыстым. Табиғи аймақтарды сақтай отырып, туристерге экологиялық таза саяхат түрлерін ұсыну – менің басты мақсатым болды.
Сондай-ақ, мен демалыс аймақтарын жобалау кезінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, орнықты инфрақұрылым шешімдерін қолдандым. Экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізіп, жастар арасында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру бағытында бірнеше семинарлар мен тренингтер ұйымдастырдым.
Менің ойымша, әр инженер өзінің қызметінде қоршаған ортаны ескеріп, табиғатпен үйлесімді әрекет етуі қажет. Бұл – болашақ ұрпақ үшін жасалатын ең үлкен инвестиция.
#табиғаттысақтауғақосқанүлесім
#экологияғақосқанүлесім
- Толығырақ
Жамансары (Buteo buteo) – жыртқыш құс, қаршыға тұқымдасына жатады.
Өлшемдері: дене ұзындығы 46-53 см, қанат құлашы 110–130 см.
Салмағы: 550-1300 г. (ұрғашылары еркектерінен ірі).
Ормандарда, орманды-дала аймақтарында, тау етектерінде, орман шеттерінде, жеке ағаштары бар ашық алқаптарда тіршілік етеді.
• Ұясы: ағаштарға, сирек жағдайда жартастарға салады.
• Жұмыртқа саны: 2–4 жұмыртқа, басу мерзімі шамамен 35 күн.
• Балапандары: 6–7 аптадан кейін ұядан ұшады.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
- Толығырақ
Құрметті көрермендер!
2025 жылғы 23 шілде күні, сағат 10:00-де, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі тікелей эфир арқылы алты айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп береді.
Эфир барысында бөлімнің басшысы Р.С. Смаилов қорғалатын аумақтарда атқарылған іс-шаралар, инспекциялық жұмыстар, заң бұзушылықтардың алдын алу, табиғатты қорғау бағытындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты ақпарат ұсынады.
Эфир көрермендеріне сұрақ қою мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл — табиғатты қорғау саласындағы жұмыстардың ашықтығы мен есептілігіне бағытталған маңызды қадам.
Тікелей эфирге қосылып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы өзекті мәліметтермен танысыңыз!
- Толығырақ
Биотехникалық іс-шаралардың бір түрі ретінде тұз қою жабайы жануарларға көмек көрсету мақсатында жүргізіледі. Бұл шара әсіресе тұяқты жануарларды бақылауға мүмкіндік беріп оларды санау, бақылау, тіршілік белсенділігін зерттеу үшін өте тиімді.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












