Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамның әлеуметтік желілерді жаппай пайдалануына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап қызмет ететін @TazaQazBot Телеграм-чат-ботының негізінде халықтан өтінім алудың жаңа сервисі әзірленіп, пайдалануға берілді.

Чат-бот азаматтардың назарын аударды және оның ел тұрғындары арасында танымалдылығының табысты басталғанын сеніммен айтуға болады.

Үрдіс барынша оңайлатылған: авторизация жүргізу, проблемалық жердің фотосуреті, мекенжайды көрсету және проблемаға түсінік беру мүмкіндігі қажет.

Өтінім түріндегі барлық ақпарат оны жіктейтін және орындаушыны тағайындайтын жергілікті атқарушы органның операторына түседі.

Өтінімнің санатына қарай орындаушы тапсырманы орындауға тиіс уақыт автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушы фотосуретті және қажет болған жағдайда түсініктемені қоса береді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу және жауапты орындаушыларды анықтау үшін барлық мәселелер 17 санатқа бөлінген.

Кері байланыс ретінде өтініш беруші ЖАО рейтингін белгілеу мүмкіндігімен орындаушыны тағайындау және жұмыстың аяқталуы туралы хабарлама алады.

Халық тарапынан шағым алу үшін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. өтінімдерін қабылдаудың жеке желісі ашылады, онда Министрлік қызметкерлері өтінімдердің орындалу сапасын қадағалайтын болады.

@TazaQazBot платформасы бүкіл қоғам үшін жайлы жағдай жасауға немқұрайлы азаматтың тікелей қатысу мүмкіндігімен халықтың өмір сүру сапасын жақсартады.

1

Құрметті тұрғындар! Ауа температурасының көтерілуіне және ұлттық парктің аумағында өрт қаупінің жоғары санатына байланысты ормандарға баруға тыйым салынады!

Сізден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз: белгіленбеген жерлерде от жағуға болмайды, орманда тез тұтанатын заттарды қалдырмаңыз. Сақ болыңыз, табиғатқа түсіністікпен қараңыз. Орман өрті барлық тіршілік иелері үшін қайтымсыз апат.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұлғалар ҚР қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ЕҚТА аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 100-ден 1500 АЕК-ке дейін болады.

Өрттің және басқа табиғат қорғау заңнама бұзушылықтарының анықталуы немесе пайда болуы жағдайында Сізді «Тарбағатай» ұлттық паркінің 8(72230) 3-20-98 телефонына немесе 101-ге хабарлауыңызды сұраймыз.

Баспасөз хатшысы: Әсем Көбенова.

3

Ұлттық парктің аумағында жүргізілген далалық іс-сапар кезінде жұмыртқа басып отырған көк кептер (Columba livia) суретке түсірілді. Көк кептерлер –жыл бойына 7-8 рет жұмыртқа басады.
Ұяда екі ақ түсті жұмыртқа болды. Жұмыртқаны аналығы мен аталығы 17 күндей басады. Балапандар ұядан бір ай мөлшерінде немесе одан да көп мерзімде ұшады.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

1 1

Жаз күндерімен бірге табиғат аясына барып демалушылардың да саны арта түседі. Қарапайым ережелерді сақтамағандық орны толмас апатқа алып келуі мүмкін.
Өрт табиғатымыздың баға жетпес байлығына үлкен зиян келтіреді, ал оны қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар керек.
“Тарбағатай” ұлттық паркі жылда маусым алдында өрт-тактикалық жаттығуларын өткізіп, инспектор құрамы арасындағы өзара бірлесіп қимылдау әдістерін жетілдіріліп, техникалар мен құрал-жабдықтардың дайындығын тексереді.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін табиғатта не істеуге болмайды:
-арнайы экскурсиялық соқпақтар мен туристiк маршруттардан тыс жерлерге келiп кiруге және олар арқылы жүрiп өтуге;
-арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде от жағуға, мангал, ошақ орнатуға;
-табиғат, тарих, мәдениет және археология ескерткіштерін қиратуға және бүлдіруге;
-топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға.
Мемлекеттік инспекторлар табиғатта болу ережелері мен өрт қауіпсіздігі техникасын сақтауға шақырады!

Баспасөз қызметі.

1 1 1 1 1 1 1 1

Елімізде ағашты заңсыз кескен адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұрын мұндай заңбұзушылылық үшін аз ғана айыппұл салынып келсе, қазір заң түбегейлі өзгерді. Ағаштарды заңсыз кесу себептерінің бірі – құқық бұзушыларға қойылатын жауапкершіліктің төмендігінен.

ҚР Қылмыстық Кодексiнің 340-бабында Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдаудың жазасы қарастырылған. 2-тармағында айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – 
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Егер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (бұдан әрі - ЕҚТА) жасалған іс-әрекет болса,    жоғарыда аталған жазаның мерзімдері мен мөлшері күшейтіледі. Яғни, айыппұл - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке, қоғамдық жұмыстарға тарту - сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге, бас бостандығын шектеу мерзімі -  бес жылға ұзарады.

Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені үшін 50 АЕК-ке дейін залал келтіргені үшін жаза 100 АЕК-ке, ал залал мөлшеріне байланысты 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл осындай әрекеттер жеке тұлғаларға – 150 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 450 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болып табылған ағаштар мен бұталар, көлік құралдары және бұзушының өзге де заттары тәркіленеді. Айта кетейік, 2024 жылы 1 АЕК мөлшері 3692 теңгені құрайды.

Ағаштарды кесуге рұқсат етілген және тіпті жоспарланған жағдайлар да бар. Алайда ол үшін арнайы рұқсат қажет. Кесуге жататын ағаштардың көлемін ұлттық паркіміздің Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімі анықтайды. Бұл ағаштар санатына өлі, әлсіреген және піскен екпелер немесе өрттен кейінгі ағаштар жатады. Олар орман ауруларын тудырып, сау ағаштарға қауіп төндіреді. Сондықтан оларды уақтылы алып тастап отыру керек.

Инженерлер өз деректерін Абай  облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына ұсынады. Осыдан кейін экологиялық сараптама жүргізіліп, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы ағаштарды кесуге рұқсат береді.

Мұндай фактілерді жою, ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу үшін жауапкершілікті күшейту және айыппұлдардың өсуі маңызды рөл атқарады. Алайда бұл жолда ең маңызды қадам – экомәдениетті қалыптастыру мен ерте жастан тәрбиелі білім беру. Экологиялық мәдениет төмен болғандықтан заңбұзушылар табиғатқа қасақана зиян келтіреді. Сонымен бірге ол тәрбие -  экологиялық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі. Ұлттық парк қызметкерлері халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында экологиялық іс-шаралар атқаруда.

«Тарбағатай» МҰТП мемлекеттік инспекторы Марат Қасенов.

1

 

ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан  «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары шаруа қожалықтарына өрт қауіпсіздігі және тазалықты сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, үнпарақтар таратты.

Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова

1 1 1 1

Шілде айының 16-сы күні ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, сенбілікке шықты. Қызметкерлер аумақты ретке келтіруге ерекше құлшыныспен белсене кірісті: олар Ақтоғай өзенінің жағалауына тазарту бойынша сенбілік және орамдық бағаналарды түгендеу, жаңарту бойынша жұмыстар жүргізді, сондай-ақ жолдарды құлаған тастардан тазартты. Ортақ күш-жігердің арқасында бірнеше сағат ішінде аумақ өзгеріп, барлық жерде тазалық орнады.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және табиғат тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Құрметті аудан тұрғындары! Туған өлкеміздің тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек. Сондықтан әрбіріңізді тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуға шақырамыз!


Үржар орманшылығының басшысы Қуандық Шәріпқанов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95