- Толығырақ
2024 жылдың қазан айының 24-і күні "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 25-қазан Республика күніне орай кіші футболдан "Ұлттық парк директорының кубогы - 2024" турнирін өткізді.
Турнирге жалпы 6 команда қатысып, жүлдегерлер анықталды:
1 орын - Өрт сөндіру бөлімі;
2 орын - Инженерлік-техникалық құрам;
3 орын - Қарабұйрат орманшылығы.
"Үздік қақпашы" номинациясының иегері - Д.Мырзаханов;
"Үздік ойыншы" номинациясының иегері - М.Мырзаханов.
ЭАРТ бөлімі.
- Толығырақ
Сіздерді ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығының символы болып табылатын бүгінгі мерекеде Сіздерге бақыт, денсаулық, бейбітшілік және амандық тілейміз!
Біздің жүрегіміздегі ошағымыздың жылуы ешқашан сөнбесін, туған жерге деген сүйіспеншілік бізді әрқашан республикамыздың өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!
- Толығырақ
2024 жылдың 24-қазаны күні Мәдениет үйінде "25-қазан - Республика күніне" орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара өтті.
"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы Абдуллин Ерзат Маратұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуі жолында іскерлік танытып, тұрақтылық пен береке-бірліктің қалыптасуына үлес қосқаны үшін Үржар ауданының әкімі А.Башимбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
Ерзат Маратұлына зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз!
Баспасөз хатшысы: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 23-ші қазан – «Халықаралық қар барысы күніне» орай "Жанай орта мектеп-бақшасының " 7-8 сынып оқушыларына «Қар барысын сақтайық!» атты конкурс өткізіп қайтты. Конкурс басында ғылыми қызметкерлер оқушыларға қар барысын сақтау туралы дәріс оқып, соңынан оқушылар арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру арқылы сайысқа түсті. Нәтижесінде сұрақтарға жақсы жауап берген оқушылар жеңіске жетіп, мақтау қағазымен марапатталса, белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.
- Толығырақ
2024 жылдың 21-қазаны күні Мақаншы ауданының Б.Жүнісов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушылары сынып жетекшілері С.Бөлекбаеваның жауапкершілігімен "Қарабас" туристік маршрутына экскурсияға шықты.
"Жас экологтар" мақсаты - тірі организмнің қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту, қыстап қалатын және жыл құстары туралы ақпарат алу, тауды мекен ететін жануарлар туралы ақпарат алу болды.
Экскурсия барысында балалар бір-бірін тыңдай біліп, бір-бірінің пікірлерін құрметтей білді. Балалардың табиғатты қорғауға деген қызығушылықтары артты.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
2024 жылдың қазан айының 18-і күні "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы "Орман шаруашылығы қызметкерлері күні" мерекесін атап өтті. Кәсіби мерекеге 4 орманшылық пен инженерлік техникалық қызметкерлер түгелдей қатысты.
Директордың у.м.а. Н.Дүйсекенов қызметкерлерді аталмыш мерекемен құттықтап, ұлттық парк директоры А.Серкебаев пен Үржар ауданы әкімі А.Башимбаевтың, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапаттады.
Мерекелік құттықтау "Модуль" спорт алаңында спорттық сайыспен жалғасын тапты. Сайысқа 6 команда қатысып, жүлделі орындар қазылар алқасымен анықталды:
1-орын "Бақты" орманшылығы;
2-орын "Үржар орманшылығы;
3-орын "Қарабұйрат" орманшылығы.
Қатысушы барлық командалар кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Баспасөз хатшысы: Ә. Көбенова.
- Толығырақ
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Сіздерге жанқиярлық жұмыстарыңыз үшін, таңдалған мамандыққа адалдықтарыңыз үшін шын жүректен рахмет айтамыз. Өлкеміздің игілігі үшін жаңа еңбек жетістіктерін, денсаулық, амандық, бейбітшілік, Сізге және жақындарыңызға бақыт тілейміз.
Құттықтаушы: "Тарбағатай" МҰТП.
#ОрманҚызметкелеріКүні #ForestryWorkersDay #SaveOurForests #ДеньРаботниковЛеса #work #Ecosystem #Congratulations #Nature #ForestWorkers #Kazakhstan #Ecology #Biodiversity #орманқорғау #орман #орманшаруашылығы #жануарлардүниесі #өртсөндірушілер #табиғатқорғауқызметкерлері #табиғатқорғау #лесноехозяйство #мирживотных #пожарные
#сотрудникиохраныприроды #wildlife #firefighters #natureconservation #natureconservationofficers #forest

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












