- Толығырақ
22-сәуір күні ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Зайсан қаласының «М.Әуезовов атындағы орта мектеп» КММ-нде «Ұлттық парктің жануарлар әлемі» атты тақырыпта семинар-брифинг өткізді.
Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі болғандықтан, семинар барысында мемлекеттік инспекторлар қатысушыларға ұлттық парк аумағында кездесетін жануарлардың сан алуандығы мен тіршілігі жайлы қызықты мәліметтер бере отырып, жануарларды қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге баулып, ой-өрістерін кеңейте білді.
Қатысушылар семинар-брифингте қозғалған қызықты тақырыпқа оң көзқарас танытып, сирек кездесетін жануарлар түрлерін молайту жөніндегі ой-пікірлерін айтып отырды.
Брифингке мектеп оқушылары (саны – 50) мен ұстаздары, жергілікті әкімшілік мамандары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 63 адамды құрады.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 22 сәуір күні, «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Халықаралық Жер күні» атты дәріс сабақты «Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-сінің 7-сынып (жалпы саны 14) оқушыларына өткізіп қайтты.
Дәріс сабақ барысында оқушыларға бұл күннің маңыздылығы туралы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және оқушылармен топтық жұмыс жасалды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.
- Толығырақ
22 сәуір күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Үржар аудан орталығында орналасқан «Ер Төстік» балабақшасының тәрбиеленушілеріне Халықаралық Жер күніне орай «Жер – Ана» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында ЭАРТ бөлім қызметкерлерінің балабақша тәрбиеленушілеріне арнайы әзірлеген Жер планетасы туралы қазақ тіліндегі мультфильмі көрсетілді. Мультфильмдегі Жер мен Адам арасындағы диалог пен көріністерден Жер-Ананы сақтап қалу, табиғаттағы тазалық, жан-жануарларға деген қамқорлық атаулы балаларға түсінікті түрде қамтылды.
Ашық сабақ нәтижесінде тәрбиеленушілер Адам табиғаттың бір бөлігі екендігін, табиғатта болатын барлық нәрсе әрқашан адамға әсер ететінін, табиғат адамдарға қолында бар нәрсенің бәрін, азық-түлікті, пайдалы қазбаларды және басқа ресурстарды беретінін түсінді.
Өздері кішкентай бола тұра, тәрбиеші апайларымен бірге табиғатты қорғау сияқты маңызды тақырыпты талқыға сала білгендері бізді қайран қалдырды! Ашық сабақ соңында ұлттық парк қызметкерлері балақайлар өздеріне әзірлеген концерттік бағдарламасын тамашаладық.
Қатысушылар саны – 3 топтан 60 тәрбиеленуші.
Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.
- Толығырақ
2024 жылдың 19 сәуірі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының шеңберінде «Ұлттық ағаш отырғызу күні » мен Үржар ауданының әкімдігінің қызметкерлері ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акцияларының аясында ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау мақсатында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Ағаш отырғызу күніне орай Ұлттық парктің демеушілігімен 500 дана ағаш көшеттері Үржар ауылының «Болашақ саябағы», «Орталық алаң» және «Орталық аурухананың» маңына отырғызылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, орманды жаңғырту идеясын қолдауға жұртшылықтың назарын аудару.
Табиғат сұлулығы мен таза ауаның кілті - ағаштар. Осы тұрғыдан алғанда, аталмыш шараның ұйымдастырылуы аймақтағы экологияны одан әрі жақсартуға, елді-мекендерді көгалдандыруға ықпал етеді.
Барлық қатысушылардың саны - 1200 адам.
Мәтін авторы: Орман патолог инженрі Тұяқбаев Нұрлан.
#ШОС2024ГодЭкологии
#ЭТРМ #МЭПР
#ОШЖДК
#КЛХЖМ
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 17 сәуір күні, «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Тау киесі - Арқар» атты дәріс сабақты «Б.Сахариев атындағы Бақты орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 8 сынып (жалпы саны 33) оқушыларына өткізіп қайтты.
Дәріс сабақ барысында оқушыларға ұлттық парк аумағында мекендейтін Қазақстан арқарының өмір сүру ортасы мен тіршілік ету ерекшелігі, сандық динамикасы мен көші-қон мәліметтері туралы айтылды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.
- Толығырақ
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024 жылғы 08-сәуірдегі №134 және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы 08-сәуірдегі №01-26/300-ВН «Төтенше жағдайға (табиғи өртке) ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» бұйрықты орындау мақсатында 2024 жылдың 15-сәуірінде «Тарбағатай» МҰТП РММ-нің бастамасымен орман-дала өрттерін сөндіру бойынша уәкілетті органдармен оқу-жаттығу өткізілді.
Осыған орай Үржар ауданының әкімшілігіне,Үржар ауданының полиция бөліміне, Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасына,Үржар энергетикалық акционерлік қоғамына және Үржар ауданының бес ауылдық округтеріне орман-дала өрттерін сөндіруге ден қою жөніндегі уәкілетті органдармен оқу-жаттығуын өткізуі туралы хабарлама беріліп, оқу-жаттығуға келесі уәкілетті органдар қатысты:
- № 10 өрт сөндіру бекетінен 14 адам, 2 бірлік AЦ, 1 бірлік ВАЗ автокөлігі;
- «Үржар энергетика» акционерлік қоғамынан 5 адам, 1 бірлік УАЗ;
- Ауылдық округтер әкімдіктерінен 32 адам, 2 бірлік AЦ; 1 трактор, 23-Қаққылағыш 10-РЛО;
- Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасынан, 6 адам, 2 жедел жәрдем;
- «Тарбағатай» ұлттық паркінен 80 адам және өртке қарсы бірнеше техникасы жұмылдырылды: 2 бірлік – АЦ 1,6-40 өртке қарсы автокөлігі, тіркеме жабдығы бар МТЗ тракторлар – 3 бірлік; шағын орта өрт сөндіру көлігі (МЛПК) – 2 бірлік.
Барлығы:133 адам, 6 бірлік АЦ; 2 бірлік КОӨСК (МЛПК); 4 бірлік трактор, 90-РЛО, 123-Қаққылағыш.
Басты мақсат — парктің бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес өрт сөндіру құрамының өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу болып табылады.
Оқу-жаттығулар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман және дала өрттерін сөндіру жөніндегі күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылын пысықтау, сондай-ақ өртке қарсы күресте барлық қызметтер арасында өрт бойынша, оны сөндірудің әдістері мен тәсілдері туралы жедел ақпарат алмасу мақсатында өткізілді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жедел әрекет ету, өртті уақтылы анықтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туындайтын орман және дала өрттерін сөндіру тәсілдері мен тактикасы бойынша іс-шаралар пысықталды.
Іс-шара соңында Үржар ауданының әкімі А.Башимбаев оқу-жаттығуға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, ұлттық парк қызметкерлеріне өрт сөндіру кезіндегі жедел іс-қимылдарына оң баға берді.
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі.
- Толығырақ
Сәуір айының 12-ші жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Мақаншы ауылдық округінің «С.Сейфулин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 7-сынып оқушыларына «Жауқазындар күні» атты семинар-сабақ өткізді.
Сабақ барысында ғылыми қызметкерлер дайындаған мәліметерімен бөлісіп, оқушыларды топтарға біріктіріп, әр топқа өз мәліметтерін қорғатты. БОТАНИКТЕР тобы аумақта кездесетін қызғалдақтардың түрлерімен, ГЕОГРАФТАР тобы қызғалдақтардың жер бетіне таралуымен, ЭКОЛОГТАР тобы қызғалдақтардың маңызы және қазіргі жай-күйімен, МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР тобы қызғалдақтарды қорғау шараларымен таныстырып кетті. Семинар соңында оқушылар бір-бірлеріне баға беріп, тілек айтты.
Қатысушылардың жалпы саны -60.
ҒАЭМБ.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры