Сәуір айының 5-і күні ұлттық парк директоры А.Серкебаевтың бастамасымен мемлекеттік инспекторлар мен қызметкерлер «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының шеңберінде аудан орталығы - Үржар ауылында ауқымды сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Себебі, табиғат зиянды қалдықтардан өздігінен тазалана алмайды. Адамдар күн сайын жол бойына лақтырып тастаған пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей жатып, жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.

Сенбілік нәтижесінде ауыл іші адамзаттың әсерінен шашылған қоқыстардан тазартылды.  400 кг қоқыс ұлттық парктің МТЗ-80 техникасымен қоқыс полигонына шығарылды. Сенбілікке жалпы саны 80 адам қатысты.

Салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл шара одан әрі қолдауын табады деген сенімдеміз!

 

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

ap

Ұлттық парктің аумағына Сұңқылдақ аққулар (Cygnus cygnus) қайта оралды.  Бұл құс II санат саны азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ұлттық парктің аумағынан көктемгі және күзгі ұшып өту кезінде кездестіруге болады. Салмағы 7-ден 10 кг-ға дейін, кейде одан да көп болуы мүмкін. Сұңқылдақ аққудың денесі ұзынырақ, мойынның ұзындығы дененің ұзындығына тең келеді де аяқтары қысқа болады. Тұмсығының түсі сары, ұшы қара. Қауырсыны аппақ, ал балапандарының  түсі сұр болады.  Аққулардың таза ақ түсі өмірінің үшінші жылында ғана пайда болады. Қоразы мен мекиені бір-бірінен іс жүзінде ерекшеленбейді. Суда жүзгенде мойны иіліп,  латын әліпбиіндегі S әрпіне ұқсайды.

🖊️📷Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі

12

   Бүгін, 04-ші сәуір күні Ұлттық парк инспекторлары М.Құрманғалиев, Б.Шөшеков, М.Абсалямов өз айналымдарында Қаратұма орта мектебінің оқушыларымен және қызметкерлерімен бірлесіп, «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында алғашқы сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке қатысушылар саны – 76 адамды құрады.

  Экологиялық сенбіліктің мақсаты - өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру, жастардың туған жерге деген зор махаббатын және өлкеміздің таза, әдемі болуына, гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттыруға бет бұруларына ықпал ету.

   Қоршаған ортаны тазарту мақсатындағы осындай сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

           Рекреация және туризм жөніндегі инженер Ринат Қабсаметов.

12345

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті  ағымдағы жылдың 29-30 наурызы аралығында Алматы қаласында Бас ботаникалық бақтың ғимаратында туристік маусымға дайындық және бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық туризмды насихаттау жұмыстарына қатысты семинар өткізді.

Семинар барысында ҚР ЭТРМ министрінің кеңесшісі С.А. Қалқаманов, ОШЖДК төрағасы Д.Ғ. Тұрғамбаев, «Kozildirik Media Group» PR агенттігінің басшысы А.Т. Тоқабаев, «Turanga Group» ЖШС бас директорының кеңесшісі Т.Б. Адильжанов сөз сөйледі.

Аталған семинарға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері де қатысты.

Баспасөз хатшысы А.Кобенова.

Ағымдағы жылдың 26-28 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың тапсырмасы бойынша БҰҰДБ-ның қатысуымен «Іле-Алатау» ұлттық паркінде "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту" семинар-тренингі өтті. Аталған іс-шараға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қатысты.

Осы іс-шара шеңберінде ұлттық табиғи парктер аумағында экотуристік қызметті жоспарлау, жүргізу саласындағы әлеует пен білім деңгейін арттыру, экотуризмді дамытудағы қолданыстағы халықаралық және Ұлттық тәсілдер мен тәжірибелерді түсіндіру талқыланды.

Баспасөз хатшысы А.Кобенова.

12345

Бүгін, сәуір айының 2-сі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен Үржар ауылының Батырлар аллеясында «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Біржан Қадырұлы мен ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлы акцияға қатысушыларға құттықтау тілектерін айтып өтті. Экологиялық акция шерумен бастау алып, концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.

Акцияға ұлттық парк қызметкерлерімен қоса, Үржар аудандық әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, жас орманшылар одағы, аудан мектептері мен тиісті мекемелер атсалысты. Қатысушылар саны – 320 адам.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95