«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан фототұзақтағы материалдарды камера алды өңдеу барасында таңғы уақытта Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinys Blyth, 1847) түскені анықталды. 

Сілеусін өте сақ жануар, сондықтан оны фотоаппаратқа суретке түсіру өте қиын.

Тарбағатай тауын қар жамылғысы жапқанда, еркін даланың ерке еліктері  таудың етегінде орналасқан жазық аймақтарға қоныс аудара бастайды. Еліктер бір жерде жиналып немесе топтарға бөлініп жайылуы мүмкін. Көші-қон кезінде үйірімен топтасқан еліктер көлік жолын кесіп өтіп,  жүйткіп келе жатқан көлікке жиі соғылады. Әсіресе, қар жауып тұрғанда немесе боранды күндері оларды алыстан аңғару қиынға соғады.  Сондықтан жануарлардың көші-қоны орын алып жатқан мерзімде көлік жүргізушілеріне сақ болуды ескертеміз!

Ұлттық паркіміздің көлік жүргізушісі, Халықаралық спорт шебері Бойко Роман 10-13 қараша күндері Комбат Джиу-джицудан Латвияда өткен XII әлем чемпионатына қатысып, спорттың Фулл-контакт (Full contact) және Клосс контакт (Close contact) түрінен 57 келі салмақта екі бірдей ІІ-орынды қанжығалап, елімізге оралды.

2023 жылдың 8-9 қараша аралығында Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері және ұлттық парктің аңшы-биологы  «Қар барысын сақтайық!»  атты плакаттар байқауына  қатысқан барлық жүлдегер оқушыларды мадақтама қағаздарымен, алғыс хаттармен және БҰҰДБ-дан (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) келген арнайы сыйлықтармен марапаттады. 

1 1 1 1 1 1

Ұлттық парктің омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. Фаунаның 376 түрі кездеседі, оның ішінде балықтың 19 түрі, қосмекенділердің  2  түрі, бауырымен жорғалаушылардың 23 түрі, құстардың 272 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі мемлекет қамқорлығына алынды. Мемлекет аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың 40 түрі, яғни бауырымен жорғалаушы 1, құстардың 33 түрі және сүтқоректілердің 6 түрі парктің қорғауында.

Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.

Қазан айының 26-сы, 27-сі, 30-ы күндері «Тарбағатай» МҰТП» РММ-нің заңгері Н.Дүйсекенов пен орманшылық басшысы Қ.Шәріпқанов мемлекеттік инспекторларды желтоқсан айында өтетін аттестацияға дайындап, ЕҚТА Заңы, ҚР Орман кодексі, өз қызметін орындау үрдісі барысында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы, ҚР Қылмыстық, Әкімшілік кодексі, әкімшілік практиканы жүргізу бойынша оқыту іс-шараларын өткізді және лауазымдық нұсқамаларына еңгізілген толықтырулармен таныстырды.

Баспасөз қызметі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95