- Толығырақ
2024 жылдың қаңтар айының 21-і күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғимаратында директор орынбасарының м.а., заңгер Н.Дүйсекеновтың төрағалығымен «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын талқылау» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
- Толығырақ
Барылдауық үйректердің саны үйректердің басқа түрлерімен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Осы қыста өзендерде қыстайтын жабайы үйректердің саны өзеннің 1,1 км-нде 400-ден асып кеткені таңқаларлық емес. Бұл көрсеткіш құстардың қыстауы өте жақсы өтіп жатқанын білдіреді.
- Толығырақ
Дыркептер – бұл жабайы орман көгершіні. Құс әдемі көрінгенімен қорқынышты дауысы бар. Географиялық таралуына байланысты бірнеше түрлері болады және бір-бірінен мойнында орналасқан ақ дақтың мөлшерімен ерекшеленеді. Бұл көгершін түрі тамақтану үшін жапырақтар мен жидектерді жұлып алуға қабілетті. Олар топтасып, егіні жиналған егістіктерде қоректеніп жүреді. Жыл мезгіліне байланысты қоныс аударады.
- Толығырақ
Қырғауылдар тұқымдасына жататын қарапайым құс. Басы кішкентай және тұмсығы қысқа салыстырмалы түрде үлкен құс. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Олардың ұзындығы 49-58 см, салмағы 1,0-1,4 кг, ал аналықтардың ұқсас көрсеткіштері сәйкесінше 40-45 см және 0,7-1,0 кг. Мекиені қара шұбар келеді.
- Толығырақ
Бүгін, яғни 2024 жылдың 29 қаңтары күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторларына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында сұрақ-жауап әдісімен үлкен жиналыс өтті. Себебі, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры