- Толығырақ
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын орындау мақсатында қызметкерлермен түсіндіру жиналысы өткізілді.
Жиналыста Заңның 12-бабы 1-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес:
• лауазымды тұлғаларға құмар ойындарына және (немесе) бәс тігуге ойын мекемелерінде де, сондай-ақ интернет желісі арқылы да қатысуға тыйым салынатыны,
• барлық мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға теңестірілген қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтауға міндетті екендігі,
• белгіленген шектеулерді бұзған жағдайда тәртіптік жауапкершілік қарастырылатыны,
кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу, адалдық қағидаттарын сақтау және мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттілігі баса айтылды. Жиналыс қорытындысы бойынша хаттама толтырылды.
Директор орынбасарының м.а., заңгер:
Н.Дүйсекенов.
- Толығырақ
Құстар әлемі — табиғаттың бірегей бөлігі. Олар экожүйедегі тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады, ал олардың мінез-құлқы, миграциясы мен тіршілік ету ортасы бізге табиғаттағы өзгерістер туралы мол мағлұмат береді. Осы себепті ұлттық парк аумағында құстарға бақылау жүргізу — ғылыми және экологиялық тұрғыдан аса маңызды іс.
Құстарға жүйелі түрде бақылау жүргізу:
• Түрлердің санын және таралу аймағын анықтауға;
• Қоршаған ортаның жай-күйін бағалауға;
• Сирек және жойылып бара жатқан құстарды қорғауға;
• Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
#Кәдімгітүркептер
#Сарыалқымаражегіш
#Қызғыш
#Барылдауықүйрек
#Бозүйрек
#Ұзынсирақбалшықшы
#Үлкенаққұтан
#Көкқарға
#Сұрқаз
#Сарыалақаз
#Қосреңқарлығаш
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
- Толығырақ
Тарбағатай ұлттық табиғи паркінің Үржар орманшылығында қысқы маусымға дайындық аясында биотехникалық іс-шаралар атқарылуда. Қыс мезгілінде жабайы жануарларды қосымша азықпен қамтамасыз ету мақсатында бұтақты азықтар дайындалды. Сонымен қатар, аншылықтанушы мамандардың қатысуымен тұз қорлары орманшылыққа қарасты орман шеберлік учаскелеріне үлестіріліп, арнайы белгіленген орындарға жеткізілді.
Жануарларды қоректендіруге арналған арнайы жем астаулары (науалар) жасалып, орман алқаптарына орнатылды. Бұл шаралар жабайы жануарлардың қысқы кезеңді қауіпсіз және қолайлы жағдайда өткеруіне, сондай-ақ олардың табиғи мекендеу ортасын сақтау мен қорғауға бағытталған.
Орманшылық басшысы: Қ.Шәріпқанов.
- Толығырақ
2025 жылғы тамыз айында “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Бақты” орманшылығының мемлекеттік инспекторлары А.Толубаев пен А.Ахметбеков Майбұлақ шекара бекетінің шекарашыларымен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Рейд ұлттық парктің 13, 14, 15 және 16-шы орамдарын қамтыды. Негізгі мақсат – орман заңнамасының бұзылуына жол бермеу, табиғи байлықтарды қорғау, заңсыз аңшылық пен ағаш кесудің алдын алу, сондай-ақ шекара маңы аумағында құқық бұзушылықтарды болдырмау.
✅ Іс-шара барысында төтенше жағдайлар мен құқық бұзушылықтар орын алған жоқ. Сонымен қатар, тұрғындарға орман заңнамасын сақтау және табиғатты қорғаудың маңыздылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🖊️ Мемлекеттік инспектор: Қуаныш Толубаев
- Толығырақ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы, директор орынбасарының м.а. Смаилов Рауан Серікбайұлы Үржар ауданының әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлының алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – Рауан Серікбайұлының табиғатты қорғау саласындағы табанды еңбегінің, жауапкершілігі мен кәсібилігінің айғағы.
✨ Әріптесімізге мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, ел игілігі үшін жасалған қызметіңіз жемісті болсын!
Баспасөз хатшысы: Әсем Көбенова.
- Толығырақ
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституция күнімен және Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция – тәуелсіздігіміздің тұғыры, ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығының кепілі. Осыдан 30 жыл бұрын қабылданған негізгі заңымыз мемлекетіміздің демократиялық дамуына жол ашып, әр азаматтың құқығы мен бостандығын айқындады.
Баршаңызға бейбіт өмір, береке-бірлік, елімізге тұрақты даму мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
“Тарбағатай” МҰТП” РММ директоры: Серкебаев Айдын Серікұлы.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












