- Толығырақ
- Толығырақ
Табиғат – адамзаттың тіршілік бесігі, өміріміздің бастауы. Біз демалатын таза ауа, ішетін мөлдір су, жейтін ас – барлығы табиғаттың сыйы. Сондықтан оны қорғау, аялау – әр адамның қасиетті борышы. Алайда бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы, әсіресе тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – өзекті мәселеге айналып отыр.
Қоқысты бейберекет тастау – тек айналаны ластау емес, ол экологиялық мәдениеттің төмендігін көрсетеді. Бір ғана пластик бөтелке жүздеген жылдар бойы шірімей, топырақты улайды, жануарларға зиянын тигізеді. Ал орманда немесе өзен жағасында тасталған қоқыс табиғаттың сұлулығын ғана емес, тіршілік иелерінің өмірін де қауіпке тігеді.
Сондықтан біз табиғатқа тек демалу үшін емес, оған қамқорлық көрсету үшін баруымыз керек. Әрбіріміз өзімізден бастап тазалыққа мән беріп, қоқысты жинап, сұрыптауды әдетке айналдырсақ – үлкен өзгеріс орын алады. «Табиғатқа қоқыс емес, қамқорлық керек!» деген ұстаным – бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің белгісі.
Таза табиғат – бақытты өмірдің кепілі. Ендеше, туған жердің әр тасын, әр гүлін қадірлейік. Қоршаған ортаны таза ұстау – өзімізге, болашағымызға жасаған қамқорлық.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
Бахитжан Маратович өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын жан. Мемлекеттік инспектор ретінде оның басты міндеті — орман алқаптарын заңсыз ағаш кесуден қорғау, өрт қаупін болдырмау, табиғи ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету және экологиялық тәртіпті бақылау. Осы бағытта ол әрдайым табандылық танытуда.
Күнделікті жұмыс барысында ол орманды қорғау ісінің тек қызмет емес, үлкен жауапкершілік пен жанашырлықты талап ететінін жақсы түсінеді. Табиғатты аялау, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру – оның кәсіби және адамгершілік ұстанымдарының бір бөлігі.
- Толығырақ
- Толығырақ
- Толығырақ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен ЭАРТ бөлімінің рекреация және туризм инженері Тоқтасынұлы Дәулет
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі және сала алдына қойылған міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін марапатталды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да еңбекте табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. 🌿
- Толығырақ
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Табиғатты қорғау мен орман байлығын сақтау – еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды міндеттердің бірі. Сіздердің осы бағыттағы қажырлы еңбектеріңіз қоршаған ортаны қорғауға, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалануға және болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға зор үлес қосып келеді.
Күн сайынғы еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз табиғатқа деген шынайы сүйіспеншіліктің, кәсіби шеберліктің және адалдықтың айқын көрінісі болып табылады.
Осы айтулы мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын, еңбекте табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Жасыл желекті еліміздің өркендеуіне қосқан үлестеріңіз әрдайым ел игілігі үшін жарасын!
Мерекелеріңізбен! 🌿
Ізгі тілекпен: “Тарбағатай” МҰТП” РММ ұжымы.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












