- Толығырақ
🛂 Консервация барысында ұлттық парк қызметкерлері өртке қарсы құрал-жабдықтардың және байланыс жүйелерінің техникалық жағдайын тексерді. Сондай-ақ өрт сөндіру құралдары ретке келтіріліп, арнайы техника маусымаралық күтімнен өтті. Мұндай кешенді жұмыстар табиғи парктің экожүйесін қорғауға және келесі өрт маусымын қауіпсіз қабылдауға мүмкіндік береді.
📛 “Тарбағатай” МҰТП ұжымы алдағы кезеңде де орман алқаптарының сақталуы мен өрт қауіпсіздігі бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.
🖊️ Өрт сөндіру стансасының басшысы: Е.Күлетбаев.
- Толығырақ
Түлкілер — ақылды әрі белсенді жануарлар. Қарда аунау олардың ойындық немесе әлеуметтік мінез-құлқының көрінісі болуы мүмкін. Жас түлкілер мұндай әрекетті жиі байқатады. Қалың жүн табиғи жылу сақтайды, бірақ ұзақ қозғалыстан кейін қызу артуы мүмкін. Қарда аунау түлкіге дене температурасын тез төмендетіп, өзін жайлы сезінуге мүмкіндік береді.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
- Толығырақ
- Толығырақ
Рейд барысында инспекторлар көршілес орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, тұрғындарға және шаруашылық иелеріне өрт қауіпі жоғары кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, табиғатта ашық от жақпау, қоқысты өртеуге тыйым салу жөнінде түсіндірме және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, табиғи экожүйені қорғау мақсатында ұлттық парк аумағындағы бұлақ көздерін тастар мен қоқыстардан тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шаралар табиғи су көздерінің ашық қалпын сақтауға және жануарлар мен құстардың суаттарын қорғауға бағытталды.
🌿 Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін арттыру, орман және дала өрттерінің алдын алу, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Орман шебері: А.С. Өтешов.
- Толығырақ
- Толығырақ
Ағымдағы жылдың 5 қарашасы күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшілері Д. Баяхметов пен Ж. Сакиева, орманшылық басшысы Ф.Хикматалимов және мемлекеттік инспекторлар К.Еркинтаев, С. Токушевпен бірге «Қарабас» туристік маршрутына күзгі түгендеу жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында маршрут бойындағы ақпараттық тақталар, маршрут картасы, демалыс орындары, қоқыс жәшіктері және қашықтықты көрсететін бағыттаушы белгілердің барлығының жарамды күйде сақталғаны анықталды.
Түгендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ақпараттық тақталар, аншлагтар және маршрут картасы толықтай жұмысқа жарамды күйде екені белгіленді.
Экскурсия жетекшісі: Ж.Сакиева.
- Толығырақ
Игі тілекпен: «Тарбағатай» МҰТП ұжымы.

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры












