- Толығырақ
2026 жылғы 18 ақпанда Қарабұйрат орманшылығының Ақшәулі екінші және үшінші учаскелерінде биотехниялық іс-шаралар өткізілді.
- Толығырақ
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің, Абай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің, «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің 6-9 сынып оқушыларына «Биоалунтүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс өткізді.
- Толығырақ
2026 жылғы 13 ақпанда мемлекеттік инспекторлар А. Пугачев, Р. Омаров, Б. Бегешев және орман шебері Б. Касенбаев Некрасовка орта мектебінде «Заңсыз аңшылыққа жол жоқ!» тақырыбында семинар сабағын өткізді.
- Толығырақ
- Толығырақ
2026 жылғы 28 қаңтар күні Көктерек орта мектебінің бақшасында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі ұйымдастырған «Заңсыз аң аулауды тоқтатыңыз!» атты экологиялық-ағартушылық іс-шарасы өткізілді.
- Толығырақ
Тарбағатай ұлттық паркінің ғылыми қызметкерлері “Кішкенетау орта мектеп-бақшасы” КММ-нің оқушыларына дәріс-сабақ ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жас буынға таулы экожүйелердің маңызын түсіндіру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және таулы өлкенің табиғи байлығын тереңірек таныстыру.
Дәріс барысында мектеп оқушыларына Тарбағатай тауының географиялық ерекшеліктері, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері, сонымен қатар таулардың экологиялық мәселелері, қорғау жолдары және таудың экожүйедегі маңыздылығы айтылды.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі
- Толығырақ
Арқарлардың күзгі тіршілігі –– олар үшін қыстың қатаң мінезіне дайындық уақыты.
Күзде арқарлар тәулігіне көбірек жайылады. Себебі алда қатаң қыс, сондықтан олар: май қорының жиналуын күшейтеді, суды аз қажет еткендіктен, шырынды шөптермен қоректенуге тырысады. Арқарлар жазда биік, салқын тауларда жүрсе, күзде қар ерте түсетін биік белдеулерден төменірек жайылымдарға түседі.
Күзде арқарлар ұрғашы және жас арқарлар – бөлек табындарда, еркек арқарлар – өзара шағын топтарда жүреді.
Дегенмен, қыс жақындаған сайын табындар саны көбейіп, топтасу күшейеді.
Күздің соңына қарай күйлеу маусымы басталады.
Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі

Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры













