- Толығырақ
2025 жылдың 26 наурызында "Тарбағатай" МҰТП" РММ директоры А.Серкебаев пен директор орынбасарының м.а. Н.Дүйсекеновтың басшылығымен инженерлік-техникалық қызметкерлер мен мемлекеттік инспекторларға жалпы жиналыс өтті.
Жиында ұлттық парктің қызметін тиімді ұйымдастыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қарастырылды:
✅ Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңнамасының сақталуы.
Табиғатты қорғау талаптарының бұзылмауы қатаң бақылауда болуы тиіс екендігі, сондай-ақ ұлттық парктің экожүйесін сақтау үшін заңнаманың барлық нормаларын орындау – басты міндеттердің бірі екендігі ең бірінші айтылды.
✅ Заңсыз аңшылықтың алдын алу – ұлттық парк инспекторларының негізгі бағыттарының бірі. Бұл мәселе бойынша рейдтік жұмыстарды күшейту, заманауи бақылау құралдарын қолдану және жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі ескертілді.
✅ Сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Қызметкерлердің адалдығы мен кәсібилігін қамтамасыз ету – басты қағидат. Жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін ішкі бақылау шаралары күшейтіліп, заң бұзушылыққа жол бермеу талап етілді.
✅ Ұлттық парк техникалары мен мемлекеттік инспекторлардың өрт қаупі маусымына дайын болуы.
Орман өрттерінің алдын алу – табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі. Осыған байланысты өртке қарсы техника мен жабдықтардың дайындығын тексеру, 4 орманшылықтарда инспекторларды арнайы оқу-жаттығудан өткізу және өрттің алдын алу шараларын жүргізу тапсырылды.
✅ Әдеп кодексінің сақталуы.
Ұлттық парк қызметкерлері халықпен және әріптестерімен қарым-қатынаста этика нормаларын сақтауы қажет. Қызметтік міндеттерді орындау барысында әдеп нормаларын бұзуға жол берілмейтіні, ішкі тәртіптің және киім кию тәртібінің сақталуы айтылып өтті.
✅ Еңбек кодексінің талаптарын орындау.
Мемлекеттік инспекторлардың жұмыс уақыттарында өздеріне бекітілген аумақта болулары, құрылғыларға ұқыптылықпен қараулары, қауіпсіздік шараларын сақтау, әсіресе, кене мен улы жәндіктерден сақтанулары қатаң ескертілді.
✅ Орманды жанама пайдалану ережелерін сақтау және іске асыру.
Ұлттық парк аумағында табиғи ресурстарды (мал жаю, шөп шабу) тиімді және заң аясында пайдалану мәселелері қарастырылды. Бұл ретте табиғатқа зиян келтірмеу басты талап болып қала береді. Мал табынын ұлттық парк аумағынан өткізіп қана қоймай, санитарлық тазалықтың сақталуын қадағалау тапсырылды.
Жиын соңында ұлттық парк директоры А.Серкебаев барлық жауапты тұлғаларға белгіленген тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.
- Толығырақ
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.
Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Ізгі ниетпен: "Тарбағатай" МҰТП" РММ ұжымы.
- Толығырақ
Бұл мереке мәдениеттің ұлылығын және халқымыздың ең жақсы дәстүрлерін бейнелейді. Бұл бізді қоршаған әлем ғана емес, адамның өзі де оянып, жаңаратын тамаша уақыт.
Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен өркендеу әкелсін!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен амандық тілеймін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Құрметпен: "Тарбағатай" МҰТП" РММ директоры Серкебаев Айдын Серікұлы.
- Толығырақ
Мемлекет басшысы:
«Табиғи байлығымен, жан-жануарлар дүниесімен бүкіл әлемге танымал еліміздің биологиялық әралуандығын қорғау айрықша маңызды міндетке айналды.
Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау мен экологиялық теңгерімді қамтамасыз ету бағытында маңызды рөл атқарады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауларында экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылған. Мысалы, 2024 жылғы жолдауында Мемлекет басшысы экологиялық жағдайды жақсарту және табиғатты қорғау шараларын күшейту қажеттігін атап өткен болатын.
Бұл бағыттағы жұмыстар “Тарбағатай” МҰТП сияқты ұлттық парктердің тиімді басқарылуымен және биоәртүрлілікті сақтау шараларымен тығыз байланысты.
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.
- Толығырақ

- Толығырақ
Ағымдағы жылдың 14-20 наурызы аралығында "Тарбағатай" МҰТП-нің "Мақаншы", "Үржар", "Бақты", "Қарабұйрат" орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары мектеп оқушыларымен “1000 құс ұясы – табиғатқа қамқорлықтың символы!” экологиялық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты - құстарға қамқорлық көрсету, олардың популяциясын сақтап қалу, яғни оқушыларды экологиялық білімге тәрбиелеу.
Акция барысында 13 мектептің 112 оқушысы 40 дана құс ұясын жасап, мектеп аулалары мен саябақтарға ілді.
Экологиялық ағарту инженері: Әсем Көбенова.
- Толығырақ
Ұлттық киім – тарихымыздың, мәдениетіміздің айнасы. Қазақтың ою-өрнегі, зерлі шапаны, камзолы – барлығы біздің байлығымыз. Киелі мұрамыз әрдайым асыл қазына болып, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталсын! Әр қазақтың жүрегінде ұлттық мақтаныш сезімі артып, дәстүріміз ұмытылмай, ұлтымыздың символына айналсын!
Асыл мұраны келер ұрпаққа жеткізейік!
Ізгі ниетпен: "Тарбағатай" МҰТП директоры А.Серкебаев.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры