- Толығырақ
Бұлан (Alces) — бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі, тұяқты жануар.
Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау. Алдыңғы аяқтарындағы тұяқтары өткір. Аталықтың үлкен шеңбер тәрізді мүйіздері бар; олардың ендігі 180 см-ге дейін, массасы 20-30 кг. Күзде мүйіздер құлап, сәуір-мамыр айларында жаңа мүйіздер өседі. Аналықтарында мүйіз болмайды.
Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталарымен қоректенеді. Күйлеу уақыты қыркүйек-қазан. 225-230 күн буаздықтан кейін, мамыр-маусымда аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі.
Баспасөз қызметі.
- Толығырақ
2025жылдың 6 ақпаны күні "Тарбағатай" МҰТП-нің "Үржар" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары және Үржар ауданы төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Б.Саянов қызметкерлерімен ауа-райының күрт өзгеруі және қолайсыздығына байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар кезінде алдын ала әрекет ету шараларын түсіндіру және қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында бірлескен профилактикалық рейдтік іс-шара жұмыстарын жүргізді.
Үржар орманшылығының басшысы: Қ.Шәріпқанов
- Толығырақ
"Үржар" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары К.Гергенрейдер мен Е.Гергенрейдер "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасы аясында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі ұйымдастырып отырған "Қыстайтын құстарға көмектесеміз!" экологиялық акциясына отбасымен қатысты.
Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды. Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.
Экологиялық ағарту инженері: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
2025 жылдың 6 ақпан күні Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-нің 1 "г" сынып оқушылары мен ата-аналары "Тарбағатай" МҰТП-нің "Таза Қазақстан - 2025" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Қыстайтын құстарға көмектесеміз!" экологиялық акциясына белсене қатысып отыр.
Мақсаты: Қыстайтын құстардың тіршілік ету проблемаларына назар аудару және олардың санын көбейту.
Экологиялық акцияға жалпы 16 адам қатысқан.
Жетекшісі: Аркашева Жайнагүл Анарбековна.
Экскурсия жетекшісі: Р.Көрпешов.
- Толығырақ
Аталмыш акция "Тарбағатай" МҰТП-нің "Таза Қазақстан - 2025" экологиялық акциясының жоспарына сәйкес мектеп жасындағы балаларды экологиялық тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылып отыр.
"Қыстайтын құстарға көмектесеміз!" экологиялық акциясында балаларды рухани негізде экологиялық мәселелерді түсінуге дайындау ұсынылады. Акцияны өткізу оқушылардың табиғат тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Табиғатты тану процесі барлық тіршілікке адамгершілік қатынастың қалыптасуына, шығармашылықпен тәрбиелеуге және дамытуға ықпал етеді. Оқушы акцияның белсенді, мүдделі, тең құқылы қатысушысы болады. Бұл білімге деген ұмтылысты дамытуға, мотивация беруге мүмкіндік береді.
Қыс мезгілі - қыстайтын құстардың өміріндегі ерекше қиын кезең. Бұл уақытта олар біздің қамқорлығымызға - қоректендіруге мұқтаж.
Өзекті мәселе. Қыста құстарға қалай көмектесуге болады?
Мақсаттар:
- Экологиялық мәдениетті қалыптастыру (экологиялық сана-сезім мен экологиялық қызметтің жиынтығы);
- Балаларда құстарға деген мінез-құлықтың, моральдық-эстетикалық нормалармен қарауға деген ұмтылыстың қалыптасуы;
- Табиғат және оны қорғау туралы білімді тарату;
- Оқушылардың құстар туралы білімдерін жетілдіру;
- Қыстайтын құстардың тіршілік ету проблемасына назар аудару және олардың санын көбейту;
- Баланың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыру.
Тапсырмалар:
- Құстарға арналған жемсауыттар жасау;
- Ынта мен зейінді қалыптастыру;
- Балалардың бойындағы құстарға деген қызығушылықты, мейірімділікті және қамқорлықты, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту.
Акцияның практикалық маңыздылығы:
- Құстарды қысқы азықтандыруға оқушыларды жаппай тарту.
Күтілетін нәтиже:
- Экологиялық акцияны іске асыру барысында біз өз тәжірибемізді балалар күнделікті өмірде пайдаланады деп күтеміз.
- Біз өткізетін экологиялық акция өскелең ұрпаққа үлгі болады.
Іс-шара өткізілетін орын: мектеп алаңы, саябақтар.
Өткізілу мерзімі: 6-17 ақпан, 2025 жыл.
Ұйымдастырушылар: Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі, Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімі.
Жауапты: Экологиялық ағарту инженері - Ә.Көбенова.
Байланыс нөмірі: 3-20-98
- Толығырақ
2025 жылдың 04-ақпаны күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданы, Бестерек ауылының "М.Хасенов атындағы орта мектеп-бақшасы" КММ-сінде "Таза Қазақстан!" экологиялық бағдарламасы аясында "Менің ағашым!" тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырды.
Аталмыш акцияға 7-9 сынып оқушыларынан 74 бала қатысып, 50 контейнерге 150 дана кәдімгі қарағай тұқымы отырғызылды.
Акция барысында ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Р.Қабсаметов слайд арқылы семинар сабағын жүргізіп, оқушыларға кәдімгі қарағай тұқымын еккенге дейінгі өңдеу процесі мен егілгеннен кейінгі күтімі жайлы ақпарат берді.
Қарағай тұқымын егу акциясы әлі де жалғасын таппақ! "Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы әрбір қазақстандыққа еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.
- Толығырақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады!
Қапизов Ғалымбек Тұрсынбекұлы 1963 жылы 9 қазанда Үржар ауылында дүниеге келген. 1979 жылдан бастап колхозда жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап жеке шаруа қожалығында тракторист болып қызмет етті. 2021 жылдан бері «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде трактор жүргізушісі болып қызмет етуде. Асыл жар, екі ұлдың әкесі, сегіз немереге ата болып отырған азамат.
Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам - еңбек адамы! Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі! Сол себепті, жұмысшы мамандықтардың беделі жоғары деңгейде болуы керек.
Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры