- Толығырақ
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Бұл бағыттағы маңызды бастама Телеграм-чат-бот @TazaQazBot болды, ол 2024 жылғы маусымнан бастап халықтан өтінімдерді қабылдау үшін ыңғайлы құралға айналды.
✅ @TazaQazBot қалай жұмыс істейді?
Чатботты пайдалану мүмкіндігінше қарапайым және ыңғайлы.
Өтініш беру үшін сізге:
- Чат-бот арқылы кіріңіз.
- Проблемалық орынның суретін түсіріңіз.
- Мекен-жайын және мәселенің сипаттамасын көрсетіңіз.
Кейін ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі, онда жауапты орындаушы тағайындалады. Өтінімнің орындалу мерзімі оның санатына байланысты автоматты түрде белгіленеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Орындаушы фотоесепті тіркейді, ал азамат жұмысты бағалау мүмкіндігімен хабарлама алады.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
- Толығырақ
"Қарабұйрат" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары жұмыс жоспарына сәйкес, өздеріне бекітілген аумақта қар қабатын бақылау, өлшеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыс барысы, қар қабатының сипатын және түскен қардың қалыңдығын анықтаудан тұрады. Бақылау қар қабаты пайда болған сәттен бастап, қар толық еріп кететін сәтке дейін жүргізіледі. Қар қабатының биіктігін күн сайын бақылап отыру үшін арнайы өлшеуіш құралдарын қолданады.
Наурыз айының 14-і күнгі қар қабатының биіктік көрсеткіші 150 см-ді құрады.
Баспасөз хатшысы: Ә.Көбенова.
- Толығырақ
2025 жылғы 12 наурызда Үржар ауданында үш күндік толассыз жауған қардан кейін сенбілік ұйымдастырылды.
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында өткізілген шара барысында тоғандар мен арықтар, көпірлер мен су өткізу құбырлары қардан тазартылды.
Сенбілікке «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі инспекторлары, аудан әкімдігі, барлық мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар атсалысты. Барлығы 200-ден астам адам жұмылдырылып, қарды шығару жұмыстарына 30 арнайы техника тартылды.
Белсенділік танытып, ортақ іске үлес қосқан барша жанға алғыс айтамыз! Бірге өлкемізді таза әрі қауіпсіз етеміз.
Ұлттық паркінің баспасөз қызметі.
- Толығырақ
«3 наурыз - Дүниежүзілік жабайы табиғат күніне» орай Үржар ауылы мектептерінің 3-4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілген болатын.
Сурет байқауына қатысып, жүлделі орын иеленген оқушылар:
1-орын иеленген «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 4 А –сынып оқушысы Бағдатова Айлин;
2-орын иеленген «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 3 В сынып оқушысы Еременко Ариадна;
3-орын иеленген «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 3 В сынып оқушысы Керімжан Мирас және Б.Тұрлыханов атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 4 Б сынып оқушысы Сағидолла Саида.
Байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
- Толығырақ
Ұлттық парктің аумағында Сарыбауыр шымшықтардың (Parus major) сайраған үні жиілей бастады. Сарыбауыр шымшық торғайтәрізділер отрядының шымшық тәрізділер тұқымдасына жататын кең таралған Отырықшы құс. Денесінің ұзындығы 13-17 см, Салмағы 14-21 г, Қанатын жайғандағы ұзындығы 22-26 см.
Аға ғылыми қызметкер: А.Шәріпқанова
- Толығырақ
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, әрі "Жұмысшы мамандықтар жылы" қарсаңында "Тарбағатай" МҰТП қызметкері Акильбекова Гульнара Хабидуллаевна ауданымыздың өркендеуі мен азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін "Атамекен" аталымының иегері атанып, Үржар ауданы әкімінің дипломымен марапатталды.
Гульнара Хабидуллаевнаға көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз, өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын демекпіз!
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.
- Толығырақ
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Бақыт пен жаксылық, байлық пен
сәттілік, көктемгі көңіл-күй мен шат күлкі тілейміз! Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз
орындалсын!
Ұлттық парктің баспасөз қызметі.
Серкебаев Айдын Серікұлы
«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры