27-мамыр күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Абай атындағы орта мектебінің» Жас орманшылар одағының құрамындағы 9-сынып оқушыларын «Парктер шеруі – 2024» экологиялық акциясының жоспарына сәйкес «Қарабас» туристік маршрутына экскурсияға шығарды.

Жас орманшылар экскурсия барысында туристік маршрут бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді тамашалап, мағлұмат алды.

Экологиялық ағарту инженері Әсем Көбенова.

"Тарбағатай" МҰТП ЕҚТА - бұл ең құнды және нәзік экожүйелер, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерінің мекендейтін жерлері. Олар елдің табиғи мұрасын, ғылыми зерттеулер мен биосфераны зерттеудің негізін құрайды.

22-мамыр Халықаралық биологиялық әтүрлілік күні. Осыған орай, Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі 23-мамыр күні «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында өткен «Экокәдесый» байқауын қорытындылау мақсатында Үржар тарихи өлкетану музейінде көрме ұйымдастырды.

Комиссия мүшелері көрмеде балалардың өз қолдарымен дайындаған, әрі байқау ережесіне сай келетін қолөнерлерін бағалап, қорытындысын шығарды:

Бас жүлде – «Абай ОМ» КММ 8 «б» сынып оқушысы Қаменер Мансұр;

1 – орын «Жансүгір ОМ» КММ 5 сынып оқушысы Жалелқан Дархан;

2 – орын «Б.Момышұлы ОМ» КММ 9 «в» сынып оқушысы Турлаев Шыңғыс;

3 –  орын «Абылайхан ОМ» КММ 6 «б» сынып оқушысы Абдраимов Назар.

         «Экокәдесый» байқауына қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Марапаттау рәсімі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетінін хабарлаймыз.

ЭАРТ бөлім басшысының м.а. Д.Тоқтасынұлы

Сиверс алма ағашы - «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы негізгі ерекше қорғалатын объектілердің бірі. Бұл түрдің ерекше құндылығы көптеген мәдени сорттардың атасы болып табылады.

             Алма ормандары (Malus sieversii) Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейінің орталық бөлігінде бұталы белдеуде (1000-1500 м биіктікте) таралған, жекеленген алма ағаштары теңіз деңгейінен 1700 м  жоғары орналасқан. Олар солтүстіктен басқа, әртүрлі экспозиция баурайларында, шатқалдың түбінде немесе тас үсті террасаларда кездесіп, ұштастырылады.             Сиверс алма ағаш биіктігі 10 м-ге дейін, жайылған тәжі бар, өркендерінің сояулары бар. Жапырақтары эллипс тәрізді немесе дөңгелек, жоғарғы жағында үшкір, шетінде тістелген немесе аратісті, жастары - қатты түкті, әсіресе төменнен, ересектері - жалаңаш, жоғарыдан жылтыратылған. Гүлдері аз гүлді қалқандарға жиналып, қысқарған өркендерде болады. Күлтелері ақ немесе қызғылт, диаметрі 3-4 (5-ке дейін) см. Жемісі - диаметрі 5 см-ге дейін кішкентай сфералық немесе жұмыртқа тәрізді алма. Ол сәуір-мамыр айларында гүлдейді, сонымен қатар жапырақтанады. Жемістері шілде-қыркүйек айларында піседі. 5-10 жастан бастап жеміс бере бастайды. Жабайы алма ағаштары суыққа төзімділік, ұзақ өмір сүру, ауруға төзімділік және т.б. сияқты шаруашылыққа құнды белгілерге ие. Бұл алманың жаңа сорттарын жасау үшін бірегей және толық зерттелмеген генофонд қоймасы.

ҒАЭМ бөлімінің аға ғылыми қызметкері Б.Д. Садакова.

1

Мамыр айының 20-сы күні Үржар аудандық стадионында «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде Туризм бөлімінің ұйымдастыруымен 17-мамыр - «Халықаралық отбасы күніне» орай «Спорт! Табиғат! Денсаулық!» отбасылық спорттық сайысы болып өтті. Спорттық сайысқа Үржар ауылының мектептері бойынша 5 отбасы қатысты.

Бұл сайыстың мақсаты: 

  • оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығына қоршаған ортаның ластануы кері әсер ететінін түсіндіру;
  • жұртшылықтың санасына айналамызды таза ұстау отбасы тәрбиесінен бастау алатынын қалыптастыру;
  • салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.  
  • оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты,  денсаулығы зор,  күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру.

Сайыс барысында әр команда команда ұраны мен атауын айтып, сәлемдесіп, «Экологиялық белгілер» зияткерлік байқауы, «Тату команда», «Жануарлардан пазл құрау», «Қоқысқа жол жоқ!», «Уақытқа су тасу»  сайыстарына түсті.

Конкурс нәтижесінде жүлделі орындар анықталды:

Бас жүлде – «Жүйріктер» командасы Б.Момышұлы ОМБ;

1 орын – «Денсаулық – терең бақыт» командасы Абылайхан ОМБ;

2 орын – «Абай» тобы Абай ОМ;

3 орын – «Болашақ» командасы Тұрлыханов ОМБ;

3 орын – «Жас қыран» І.Жансүгіров ОМ;

Сайысқа түскен командаларға алғыс білдіре отырып, марапаттау рәсімі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу салтанатында өтетіндігі хабарланды.

Рекреация және туризм жөніндегі инженер: Р.Қабсаметов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95