2025 жылдың 11 тамызы күні “Қарабас” туристік маршрутының бойында тазалық шарасы ұйымдастырылды. Табиғат аясында өткен сенбілікке орман шебері А.Көксегенов және мемлекеттік инспекторлар С.Токушев, Ж.Аманбаев, Қ.Еркінтаев пен А.Имашев атсалысты.
Іс-шара барысында 0,2 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 0,01 тонна тұрмыстық қалдық қоқыс полигонына шығарылды.
Осындай сенбіліктер қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және туристік аймақтардың тартымдылығын сақтауға мүмкіндік береді.

1 1 1 1 1 1 1

“Бақты” орманшылығының басшысы: Ф.Хихматалимов.

 Бұл жануар негізінен жеке (жалғыз) өмір сүретін, аумақты иемденетін, жыртқыш. Дегенмен, кейбір ерекше жағдайларда олардың бірге жүріп тіршілік етуі мүмкін, бірақ бұл уақытша және шектеулі жағдайларда ғана байқалады.
• Тас сусары – территориялық жануар. Әр жеке дараның өзінің иеліктегі аумағы болады.
• Аталықтар мен аналықтар бір-бірінің аумағына сирек кездеседі, негізінен көбею маусымында ғана топтасып жүреді.
• Күшіктер туғаннан кейін (көктем – жаз айларында), аналық тас сусары оларды бірнеше ай бойы азықтануға үйрету мақсатында ертіп жүреді.
• Бұл кезеңде аналық пен оның күшіктері бірге тіршілік етеді, түнде бірге қозғалуы мүмкін.

🖊️ Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

2025 жылғы 7 тамызда “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Мақаншы” орманшылығының мемлекеттік инспекторлары Қатынсу мастерлік учаскесінде “Мекенім – жасыл орманым!” атты экологиялық сенбілік жұмыстарын өткізді.

Таза табиғатты сақтауға бағытталған бұл шараға 21 мемлекеттік инспектор белсене қатысып, ұлттық парк аумағындағы 2 гектар жер тазартылды. Нәтижесінде 0,05 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы қоқыс полигонына жеткізілді.

Мұндай сенбілік шаралары қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, орман ішіндегі тазалықты сақтауға және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

1 1 1 1 1 1 1 1 1

“Мақаншы” орманшылық басшысының көмекшісі: Ержан Шакиров.

Табиғатта еліктер (Capreolus pygargus) әдетте 1-2 лақ туады, кейде сирек жағдайларда 3 лақ тууы да кездеседі.

Неліктен 3 лақ тууы сирек?
• Энергетикалық шығындар: Аналық еліктің организмі үш лақты көтеру және оларды сүтпен қамтамасыз ету үшін көп күш жұмсайды.
• Тіршілікке бейімделу: Табиғатта көбіне 1–2 лақ қана аман қалады, сондықтан үш лақ туу — кездейсоқ әрі қысқа мерзімді құбылыс.
• Генетикалық және қорек жағдайлары: Қорек жеткілікті, аналықтың жасы мен денсаулығы жақсы болғанда үш лағы болуы мүмкін.

 1

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі

Табиғат қорғау шараларын күшейту және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары Гергенрейдер К. мен Гергенрейдер Е. ерекше қорғалатын табиғи аумақта жаңа аншлаг орнатты.

Орнатылған аншлагта заңсыз аңшылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ескертулер мен ақпараттар көрсетілген. Мұндай шаралар келушілер арасында экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғи аумақтағы жануарлар дүниесін қорғауға септігін тигізеді.

Инспекторлардың айтуынша, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлттық парктің барлық маңызды бағыттарын қамтитын болады.

WhatsApp Image 2025 08 05 at 09.07.17

Ұлттық парк баспасөз қызметі

2025 жылдың 1 тамызы күні “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің “Қарабұйрат” орманшылығында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында “Жасыл Қазақстан” атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу мақсатында өткізілген сенбілікке ұлттық паркінің 6 мемлекеттік инспекторы қатысты. Олар 1 гектар аумақты қамтып, 0,02 тонна тұрмыстық қоқысты жинап, арнайы қоқыс полигонына жеткізді.

Мұндай шаралар жастарға үлгі болып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Табиғат — ортақ қазына, оны қорғау — баршамыздың борышымыз.

1 1 1 1 1

Мемлекеттік инспектор: Рүстем Оспанов.

Табиғатты аялау – ортақ парызымыз. Осы ұстанымды басшылыққа алған Бақты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары 31 шілде күні «Сенбілік жұмыстары – тазалық таразысы» атты экологиялық акция ұйымдастырды.

Шара аясында Ақшоқы және Бұғыбай өзендерінің жағалаулары тазартылып, қоқыс жиналды. Бұл сенбілікке 21 адам белсенді түрде атсалысты. Бір гектар аумақты қамтыған тазалық жұмыстары нәтижесінде 0,02 тонна тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы қоқыс полигонына шығарылды.

Аталған акцияның басты мақсаты – табиғи аймақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Экологиялық бастамалардың маңыздылығын ескере отырып, мұндай сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Бақты орманшылығының қызметкерлері табиғатты таза ұстау – әр азаматтың борышы екенін еске салып, барлық тұрғындарды табиғатты аялауға шақырады.

1 1 1 1 1 1 1

“Бақты” орманшылық басшысының көмекшісі: А.Әукенов.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95