29-30 маусым күндері Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің 37, 41, 42, 43-ші мастерлік учаскелерінің мемлекеттік инспекторлары М.Құрманғалиев, Б.Чушеков, А.Құрал, М.Абсалямов,К.Гергенрейдер, Н.Тәңірберген мен Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің экскурсия жетекшісі Н.Абайхан «Көлденең сарқырамасына» баратын соқпаққа жол салып, бұталар мен тастардан тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 19-23 маусымы аралығында Алматы қаласында InterContinental қонақ үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының ұйымдастыруымен баспасөз қызметіне жауапты мамандарға арналған семинар-трэнинг өтті.

Семинарға Қазақтандағы барлық 32 ЕҚТА-дан  50 маман қатысты.

Баспасөз қызметі.

2023 жылдың 13-20 маусымда ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен #БІЗПЛАСТИККЕҚАРСЫМЫЗ акциясының аясында «Мейрімді қақпақтар» байқауын жариялады.

Акцияның мақсаты: қоршаған ортаны пластикалық бөтелкелер ластайтын мысал ретінде ала отырып, адамдардың біздің планетамыздың маңызды экологиялық проблемасына көңілін аударту.

Бұл акция аясында балалар пластикалық бөтелкелердің қақпақтарынан жасалған заттарымен бөлісті. Бұл акция балалардың жеке ерекшеліктерін ашуға, оқушылар мен ата-аналардың назарын экологиялық проблемаға аудартуға өз үлесін тигізді деп ойлаймыз.

Ағымдағы жылдың 21 маусымында «Тарбағатай МҰТП» РММ ЭАРТ бөлімінің ұйымдастыруымен  мемлекеттік инспектолар және Абай ОМБ түлектерімен #27 айналымдағы орналасқан демалыс орнында «Пластик қолдануға қарсымыз» атты экологиялық акция өткізілді.

Акцияның мақсаты табиғатты ластамау үшін сенбілік жұмыстары мен қолданылған пластикалық қалдықтар және қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау, келешек ұрпаққа үгіт насихат жұмыстарын жүргізу. Қатысушылардың саны 40 адам.

#пластиккеқарсымыз

Экскурсия жетекшiсі- Баженов Эльдар

Ағымдығы жылдың маусым айының 20 күні Экологиялық ағарту рекреация және туризм бөлімі Жастар орталығымен бірлесе отырып кәзіргі уақытта үлкен проблемаға айналған пластиктің адам өміріне, қоршаған ортаға әкелетін зияны жайында Үржар ауданының тұрғындарына экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізіп, полиэтилен пакеттерінен бас тарту мақсатында тегін  #ЭКОСУМКА мен үнпарақтар  таратты. Пластикті күнделікті өмірімізге зиян әкеліп қаншама аурулар туғызатыны, әсемде көрікті табиғатымызға кері әсерін тигізетіні жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пластикке теріс көзқарастағы азаматтар өздерінің пікірлерін айтып сұхбаттарын берді.

Барша қазақ елін экологиялық таза өнімдерді қолдануға шақырамыз . 

Іс-шараға 280 дана үнпарақ, 150 дана экосумка таратылды.

«Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары  С.Кұрманқожанов,  А.Өтешов қаумал аумағында қызмет барысы аясында Зоология институтының «Энтомология» зертханасының қызметкерлерімен кездесті.

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері «Біз пластикке қарсымыз!» акциясы аясында Абылайхан және Тұрлыханов орта мектептерінің оқушыларын экскурсияға шығарып, пластмассаның зиянды екенін түсіндіре отырып, пластмассалық қалдықтар туралы жадынама үлестірді.

Себебі, пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың пластикті жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр. Бір реттік қалталар, пластмасса қоқыстар туризм саласына зиян келтіре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды. Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 100 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95