Құлақты жапалақ (Asio otus) - түнде тіршілік етуге бейім жапалақ тәрізділер отрядына жататын құс.

Денесінің ұзындығы 31-37 см және қанаттарының ұзындығы 86-98 см жетеді. Жапалақтың ерекше көзге түсетін белгісі ұзындығы 3–7 см болатын құлақ сияқты қауырсындары. Көзінің қарашығы сары немесе қызғылт сары, ал тұмсығы мен тырнақтары өткір, иілген түстері қара болып келеді. Ұяларын қалың, биік бұталар арасына салады. Онда 2–3 балапанын 4 аптада басып шығарады.

Кірпі – ежелгі, сүтқоректі жануар. Қазақстанда кірпілердің 3 түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орманды жерлерінде, бұта арасында, тіпті елді мекендерде құлақты кірпі ( Hemiechinus auritus) тіршілік етеді. Кірпілердің арқасын, бүйірлерін тікен (ине) басқан. Әрбір 3 жыл сайын инелері түсіп, жаңарып отырады.  Денесінің ұзындығы 20 см-дей, салмағы 600г шамасында болады. Жемін, әдетте түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен тіпті улы жыландармен де  қоректенеді.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы мен ғылыми қызметкері, Мәскеу қаласының Зоологиялық Институтының териолог ғалымдарымен бірлесіп  2023 жылдың шілде айының  11-12 жұлдызында Ақшәулі және Кіші Әлемді учаскелік  аумағында Алтай суырына (Marmota baibacina) молекулярлық-генетикалық талдауға арналған сынамалар алу мақсатында іс сапарға шықты.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері  "Астана Халықаралық университетімен" келісімшарт негізінде, "Топырақтану институты" және "Варшава университетінің" Ph докторларымен бірлесіп 28.06. - 05.07.2023ж.ж.  аралығында Ұлттық парктің аумағына далалық  іс-сапарға шықты. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы экотуризмді дамыту мақсатында қолдау көрсетіп, туристік маршрутымызды күн батареясымен қамтамыз етті.

Бүгін маусым айының 30-ы күні  Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері мен «Әлет» туристік маршрутына қарасты мемлекеттік инспекторлар аталмыш туристік маршрутта орналасқан қонақ үйдің жанына күн батареясын орнатты.

Нәтижесінде бір туристік маршрутымыз жарықпен қамтамыз етілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының ұжымына осындай үлкен қолдау көрсеткендеріне алғысымызды білдіреміз!

Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімі.

Сарқыраманы тамашалауға  Алматы қаласынан келген велошабандоз Дамир Кушеев те туристермен бірге барып, видеотүсірілім жасады.

Соқпақтың бір жағының ұзақтығы 3,5 шақырым, таудың биіктігі теңіз деңгейінен 740 метр биіктікте болса да, саяхат туристтерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

ЭАРТ бөлімі.

Аталған шараға Самар ауданы әкімінің аппараты, Самар, Мариногорка, Миролюбовка, Палатцы, Сарыбел, Бастаушы, Құлынжон, Аққала ауылдық округтері, ШҚО ТЖ "ӨС және АҚ ЖҚ" ММ №32 ӨСБ, Самар орман шаруашылығы"КММ,  «Тарбағатай» МҰТП" РММ, "Қазақтелеком" АҚ қатысты. Оқу-жаттығу өткен орнында Жедел жәрдем бригадасы мен Қоғамдық тәртіпті күзету командасы болды.

Оқу барысында қойылған талаптарға, дәлірек айтсақ: орман және дала өрттерінің алдын алу, елді мекендерді өрттен қорғау, техника мен жеке құрамды уақытында жеткізу, аудан аумағында ірі өрттерді жоюға қатысатын меншік мекемелер мен жедел әрекет ететін қызметтердің өзара жедел байланысты ұйымдастыру сияқты іс- шараларға толықтай  дайын екенін  көрсетті.

 Құлынжон мемлекеттік қаумалының мемлекеттік инспекторы

Ботабаев Қанат Муратұлы.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95