"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары күн сайын биотехниялық іс-шаралар кешенін және рейд шараларын жүзеге асырады. Бұл жұмыстар жабайы жануарларға қолайлы жағдай жасап, олардың санын арттыруға мүмкіндік беруде.

          Ағымдағы жылдың 17-21 қаңтары күндері "Үржар" орманшылығының мемлекеттік инспекторлары жабайы аңдардың санын тұрақтандырып, оларды қорғау мақсатында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес биотехникалық іс-шара жүргізді. Жабайы аңдар мен құстарға 35 бума бұтақты азық, 3 қап жем дайындалды.

          Биотехниялық іс-шаралар – бұл табиғатты сақтауға жасалған маңызды қадам. Жабайы жануарлардың санының көбеюі – біздің еңбегіміздің жемісі!

 

"Үржар" орманшылық басшысының көмекшісі: Мақпал Аманғазы.

"Тарбағатай" МҰТП" РММ-сінің "Қарабұйрат" орманшылығының √10-14 мастерлік учаскесінің орман шебері Е.Лауенов және оған қарасты мемлекеттік инспекторлар  Б.Касенбаев, Б.Бегешев, Н.Нурмуханов 2025 жылдың 16-қаңтарында аумақта биотехникалық іс-шара жүргізді. Іс-шара шеңберінде тұяқты жануарлар мен құстарды азықтандыруға арналған 2 қап жем мен 30 дана бұтақты азық дайындалды.

         Бұл жұмыстар жабайы жануарлар мен құстардың өсімін молайтуға және оларды қорғауға бағытталған. Табиғатқа қамқорлық – біздің ортақ міндетіміз! "Қарабұйрат"  орманшылығының жұмысы экожүйені сақтап қалуға және жабайы жануарлар тіршілігіне қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

"Қарабұйрат" орманшылығының мемлекеттік инспекторы: Б.Касенбаев.

”Үржар” орманшылығының орман шебері Е.Жүнісов және оған қарасты мемлекеттік инспекторлар К.Гергенрейдер, Е.Гергенрейдер, А.Құрал аумақта рейдтік іс-шара жүргізуде.
         Рейд барысында аумақта заң бұзушылық және орман заңнамасын бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

         Мемлекеттік инспектор: Е.Гергенрейдер.

Жұртшы ( Neophron percnopterus) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жұртшылар туысының (Neophron) бір жалғыз түрі, жыртқыш құс.

•             Физикалық сипаттамасына келер болсақ, дене салмағы 1,5-2,5 кг аралығында болады. Денесінің ұзындығы – 60-75 см, қанатын жайғандағы ұзындығы – 150-180 см.

•             Наурыздың ортасынан мамырға дейін екі жұмыртқа салады, оларды аталығы мен аналығы да бірлесіп қарайды.  Балапандар 40 күннен кейін шығады, 70-90 күннен ұша бастайды.

•             Наурыздың аяғы, сәуірдің басына қарай ұшып келеді, қыркүйектің соңына қарай ұшып кетеді.

•             Саны жыл сайын қысқарып жатқандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына ІІІ санат бойынша тіркелген.

zhil

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

"Үржар" орманшылығының №5 мастерлік учаскесінің орман шебері             Е.Жунусов және оған қарасты мемлекеттік инспекторлар №31 орамға биотехниялық іс-шара шеңберінде тұяқты жануарларды азықтандыруға арналған 15 бума бұтақты жем  орналастырды. Аталмыш іс-шара экожүйені сақтап қалуға және жабайы жануарларға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

         Рейд барысында аумақта заң бұзушылық және орман заңнамасын бұзушылық фактілері тіркелген  жоқ.

         Аумақтан елік, түлкі және қоянның  іздері байқалды.

1 1 1 1

"Үржар" орманшылық басшысының көмекшісі: М.Аманғазы.

ҚР Президентінің 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың қаңтар айының 14-і күні "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Жас орманшылар одағымен бірлесіп, "Таза Қазақстан - 2025" экологиялық акциясына орайластырылған "Ағаштардың экологияға пайдасы" тақырыбында экологиялық акция өтті.

         Экологиялық акция Абылайхан орта мектебінде өтті. Іс-шараға Үржар ауданына қарасты 5 мектептің Жас орманшылар одағының құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ, "Уақыт тынысы" аудандық газетінің өкілі А.Оспанов қатысты.

         Жас орманшыларды табиғатымызды қорғау, орман молықтыру жұмыстарына тартып, көшеттерді өсіруді тәжірбие жүзінде көрсетіп, құтыларға тұқымдар екті. Аталмыш акция жас жеткіншектердің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еңбекке баулу, жасыл желектерге қамқорлық көрсетіп, табиғатымызды аялауға үлес қосатынына сеніміміз мол.

         Экологиялық акцияға жалпы саны  95 адам қатысып,  150 дана кәдімгі қарағай тұқымы отырғызылды. Алдағы уақытта да табиғатымызды қорғау жолында атқарылатын іс-шараларымыз қарқынды түрде жүзеге асырылып, еліміздің экологиялық мәдениетін дамыту жолындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

 

Рекреация және туризм инженері: Д.Тоқтасынұлы.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95