2023 жылдың қазан айның 06-сы күні ұлттық паркіміз Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің ұйымдастырумен «Бірге – Таза Қазақстан!» акциясын өткізді.

Аталмыш шараға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар, өңірдің белсенді жастары мен табиғат жанашырлары қатысты.

Бұл фотосуреттегі  кәдімгі боз жылан  қазан айының 3-ші күні Тарбағатай МҰТП  РММ-не карасты Келдімурат учаскесінде түсірілді.

4 қазанда Дүниежүзілік жануарларды қоғау күнін тойлау шешімі 1931 жылы Флоренция-да өткен қоршаған орта мен табиғатты қорғау Халықаралық конгресінде қабылданған болатын. Күн белгіленгеннен бастап бұл мереке кең ауқымда аталып өте бастады Қоршаған ортада саны азайып бара жатқан жануарлар мен аңдар, құстар мен басқа да тршілік иелерінің көзін жоюға қарсылық көрсетіп, олардың жер бетінде сандары азайып кетпеуіне көңіл бөлу үшін бұл салада көптеген мамандар тер төгуде.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде табиғатты қорғау және жануарлар дүниесіне қамқор болып, жанашырлық таныту, оларды дала өрттері мен басқа да апаттардан қорғаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз аң аулап, табиғат байлығын орынсыз пайдалануға жол бермеу басты назарда.

Ұлттық парк аумағында орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, «Үлкеннен – үлгі, жастардан – жігер!» жобасында (#менорманшы) ардагер орманшымыз Темешев Ережеп Муканович пен ең жас орманшымыз Пугачев Александр Александровичтің қызметтік тәжірибе барысын назарларыңызға ұсынамыз.

Туристік маршрутымыздың  шырайын шұғылалы ету мақсатында Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері демеушілік танытып, өз қаражаттарымен «Әлет» туристік маршрутына кіру тобы (входная группа) мен алмалардың арғы атасы саналатын Сиверс алмасының мүсінін жасап, орнатты.

«Абаттандыру жұмыстарын жүргізу» дегенде  көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары ғана емес, көріктендірудің де маңыздылығын ескергеніміз абзал.

Туристік маршрутымыздың көркін ашатын да, келбетін келісті етіп, әрін арттыратын да – оның тазалығы, жайқалған жасыл желегі, сырт келбеті мен жанға жайлылығы.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің жедел топ инспекторлары 2023 жылдың 28-қыркүйегінде рейдтік іс-шаралар барысында, таңғы  сағат 07:05-тер шамасында «Тарбағатай» МҰТП РММ-нің аумағына қарасты Қызылту ауылынан 25 шақырым   жерде орналасқан «Алабие» учаскесінде, аңшылық мылтықпен қаруланған 2 ер азамат аюға тұзақ құру кезінде ұсталды.

Ұлттық парк директоры А.Серкебаев пен бөлім қызметкерлері сонау 1983 жылдан бері орман қорғау саласында еңбек еткен ардагер орманшы Темешев Ережеп Мұқанұлын құттықтап қайтты.

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95