Барылдауық үйректердің саны үйректердің басқа түрлерімен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Осы қыста өзендерде қыстайтын жабайы үйректердің саны өзеннің 1,1 км-нде 400-ден асып кеткені таңқаларлық емес. Бұл көрсеткіш құстардың қыстауы өте жақсы өтіп жатқанын білдіреді.

Дыркептер – бұл жабайы орман көгершіні. Құс әдемі көрінгенімен қорқынышты дауысы бар. Географиялық таралуына байланысты бірнеше түрлері болады және бір-бірінен мойнында орналасқан ақ дақтың мөлшерімен ерекшеленеді. Бұл көгершін түрі тамақтану үшін жапырақтар мен жидектерді жұлып алуға қабілетті. Олар топтасып, егіні жиналған егістіктерде қоректеніп жүреді. Жыл мезгіліне байланысты қоныс аударады.

Қырғауылдар тұқымдасына жататын қарапайым құс. Басы кішкентай және тұмсығы қысқа салыстырмалы түрде үлкен құс. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Олардың ұзындығы 49-58 см, салмағы 1,0-1,4 кг, ал аналықтардың ұқсас көрсеткіштері сәйкесінше 40-45 см және 0,7-1,0 кг. Мекиені қара шұбар келеді.

Бүгін, яғни 2024 жылдың 29 қаңтары күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторларына «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында сұрақ-жауап әдісімен үлкен жиналыс өтті. Себебі, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

47 айналымның орман шебері О.Қасенов пен мемлекеттік инспекторлары Б.Сәрсебаев, А.Шидербаев, М.Қонаев, Е.Есімбаев қытымыр қыс мезгілінде өздеріне қарасты учаскеде жабайы жануарлардың өмiр сүру жағдайларын жақсартуға, оларды қорғауға және санын арттыруға, азықтық және қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған iс-шаралар жүргізді.

Ұлттық парктің баспасөз қызметі.

21 қаңтар күні «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының мемлекеттік инспекторлары «ОХОТЗООПРОМ» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ШҚО бойынша қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында аумақта ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95