Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлері 27-ші ақпан күнгі далалық іс-сапар барысында, Қатынсу өзені аумағынан сарыалақазды кезіктірді.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында омыртқалы жануарларының 376 түрі,  оның ішінде балықтардың – 19, қосмекенділердің – 2, бауырымен жорғалаушылардың – 23, құстардың – 272, сүтқоректілердің – 60 түрі бар. Мемлекет аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың 41 түрі, яғни бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, құстардың 33 түрі және сүтқоректілердің 6 түрі ұлттық парктің қорғауында.

2024 жылдың қаңтар айының 21-і күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғимаратында директор орынбасарының м.а., заңгер Н.Дүйсекеновтың төрағалығымен «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарын талқылау» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Барылдауық үйректердің саны үйректердің басқа түрлерімен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Осы қыста өзендерде қыстайтын жабайы үйректердің саны өзеннің 1,1 км-нде 400-ден асып кеткені таңқаларлық емес. Бұл көрсеткіш құстардың қыстауы өте жақсы өтіп жатқанын білдіреді.

Дыркептер – бұл жабайы орман көгершіні. Құс әдемі көрінгенімен қорқынышты дауысы бар. Географиялық таралуына байланысты бірнеше түрлері болады және бір-бірінен мойнында орналасқан ақ дақтың мөлшерімен ерекшеленеді. Бұл көгершін түрі тамақтану үшін жапырақтар мен жидектерді жұлып алуға қабілетті. Олар топтасып, егіні жиналған егістіктерде қоректеніп жүреді. Жыл мезгіліне байланысты қоныс аударады.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95