ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті  ағымдағы жылдың 29-30 наурызы аралығында Алматы қаласында Бас ботаникалық бақтың ғимаратында туристік маусымға дайындық және бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық туризмды насихаттау жұмыстарына қатысты семинар өткізді.

Семинар барысында ҚР ЭТРМ министрінің кеңесшісі С.А. Қалқаманов, ОШЖДК төрағасы Д.Ғ. Тұрғамбаев, «Kozildirik Media Group» PR агенттігінің басшысы А.Т. Тоқабаев, «Turanga Group» ЖШС бас директорының кеңесшісі Т.Б. Адильжанов сөз сөйледі.

Аталған семинарға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері де қатысты.

Баспасөз хатшысы А.Кобенова.

Ағымдағы жылдың 26-28 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың тапсырмасы бойынша БҰҰДБ-ның қатысуымен «Іле-Алатау» ұлттық паркінде "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту" семинар-тренингі өтті. Аталған іс-шараға «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қатысты.

Осы іс-шара шеңберінде ұлттық табиғи парктер аумағында экотуристік қызметті жоспарлау, жүргізу саласындағы әлеует пен білім деңгейін арттыру, экотуризмді дамытудағы қолданыстағы халықаралық және Ұлттық тәсілдер мен тәжірибелерді түсіндіру талқыланды.

Баспасөз хатшысы А.Кобенова.

12345

Бүгін, сәуір айының 2-сі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен Үржар ауылының Батырлар аллеясында «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Тұрлыбеков Біржан Қадырұлы мен ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлы акцияға қатысушыларға құттықтау тілектерін айтып өтті. Экологиялық акция шерумен бастау алып, концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты.

Акцияға ұлттық парк қызметкерлерімен қоса, Үржар аудандық әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, жас орманшылар одағы, аудан мектептері мен тиісті мекемелер атсалысты. Қатысушылар саны – 320 адам.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы «2024 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы №27-4/61-НҚ бұйрығымен өрт қаупі бар маусым сәуір айының 8-інен басталады.

Өрт қаупі бар маусым – бұл көктемде жердің қардан босануынан және оның еру іздерінен басталып, күзде тұрақты жауын-шашын түскенге дейін жалғасатын уақытша кезең. Өрттің негізгі факторы көп жағдайда адамның ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады.

Бүгін, наурыз айының 29-ы күні Мақаншы ауданының әкімі Қойгельдин Дәурен Бақытжанұлының бастамасымен Мақаншы ауылы бойынша сенбілік өтті. Жаңадан бой көтерген аудан орталығының тазалығына үлес қосу мақсатында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Серкебаев Айдын Серікұлының  қолдауымен ұлттық парк қызметкерлері де атсалысты.

          Сенбілікті ұжымдық рухты көтеретін керемет әдіс деп есептейтін мемлекекттік инспекторлар ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбекке еш нәрсе жетпейтінін дәлелдей білді.

          Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!

Баспасөз хатшысы Ә.Көбенова.

 

         ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан «Тарбағатай» (зоологиялық) қаумалының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары Зайсан қаласының «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ-нде «Парктер шеруі - 2024» тақырыбында брифинг өткізді.

         Қысқа мәжіліс барысында мемлекеттік инспекторлар жергілікті әкімшілік мамандарын, мектеп оқушылары мен ұстаздарын, ағымдағы жылдың наурыз айының 26-сы күні ұлттық парк директоры А.Серкебаев бекіткен «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының жоспарымен таныстырып, слайд арқылы экологиялық акцияның маңызы мен барысын түсіндіріп өтті.

         Қатысушылар брифингте қозғалған тақырыптарға оң көзқарас танытып, экологиялық акцияға атсалысуға бел буды.

Қатысушылардың жалпы саны – 50 адам.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

1 1 1 1

Наурыз айының 27-сі күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері Үржар ауданы әкімдігіне барып, аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбековпен кездесті. Кездесу барысында, Үржар ауданының тиісті мекемелерінің қатысуларымен, «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізу талқыланды. Сондай-ақ, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директоры Серкебаев Айдын Серікұлымен бекітілген экологиялық акция жоспарының келісім парағына қол қойылды.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95