Абай облысында биыл 14-23 наурыз аралығында «Наурыз айының онкүндігі» өтеді. Осы 10 күннің әрқайсысы қасиетті мағынаға толы, әрқайсысы үшін сәйкес тақырып таңдалған.

Сіздер — адамзаттың ең бір асыл перзенттері ғана емессіздер, сонымен бірге табиғат бойларыңызға ақыл мен төзім, іскерлік те дарытқан абзал да ізгі жансыздар! Көктемнің осы бір ең жарқын мерекесінде баршаңызға мол бақыт, істеріңіздің сәтті болуын, қазақ еліндегі бейбіт пен тыныш өмірдің шырқы бұзылмауын тілейміз!

Әр шаңырақтың ырысы ортаймасын, балаларыңыз бен жақын-жұрағаттарыңыздың барлығы да аман-сау, денсаулықтары мықты болып, Сіздердің әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын!

Ізгі ниетпен «Тарбағатай» МҰТП ұжымы.

7-наурыз күні Үржар ауданының әкімі А.Башимбаев ұлттық паркіміздің қызметкерлері М.Аманғазы мен С.Омарованы көктемнің жарқын мерекесі 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ауданымыздың жан-жақты өсіп өркендеуіне қосып келе жатқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Тұяқтылар - жабайы табиғаттағы негізгі Жануарлар. "Тарбағатай" МҰТП-нде тұяқтылардың 5 түрі мекендейді:

  1. Қазақстан арқары (Ovis ammon collium);
  2. Марал (Cervus elaphus);
  3. Сібір елігі (Capreolus pygargus);
  4. Қабан (Sus scrofa);
  5. Бұлан.

2013 жылдың 3 наурызынан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен «Дүниежүзілік жабайы табиғат күні» атап өтіледі. Оның басты мақсаты – адамдардың назарын, жабайы табиғаттың сұлулығы мен алуан түрлілігіне аудару, оған қамқорлық жасаудың және жабайы фауна мен флораны бағалаудың маңыздылығын еске салу. Бұл мерекені БАҚ-ның қатысуымен сауатты өткізу қарапайым азаматтар үшін әлем туралы білімнің көкжиегін кеңейтуге және адамдар әлемінен тәуелсіз өмір сүретін жабайы табиғаттың сұлулығын көрсетуге мүмкіндік береді.

ҒАЭМБ бөлім басшысы З.Тюркер.

Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісі.  Ел тұрғындарының бір-біріне және қазақ халқына төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғысын білдіретін күн болып саналады.

Су – жердің жаны. Су - өмірдің қолдаушысы және ол ерекше көріністер арқылы драмалық көріністер жасап, пейзажды қалыптастырады. Н2О...қарапайым, бірақ өте күрделі нәрсе.

Сіз су сияқты сұлулықтың көрінісі, әрі тіршілікке қажетті өмірдің тағы бір компонентін айта аласыз ба?

Ұлттық парктің баспасөз қызметі.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95