Наурыз айының 27-сі күні ұлттық парк қызметкерлері жұртшылықты «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясына бір кісідей атсалысуға шақырып, оларға бүктемелер мен брошюралар таратып, экологиялық акцияның мақсаты мен маңызын түсіндіріп өтті.

Бүркіт (Aquila chrysaetos) - сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын ең ірі, дене бітімі мығым, күшті, жылдам ұшатын құс. Кең қанаттарын созған кезде 2 метрге дейін жетеді.  Бүркіттердің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін жетеді. Ұясын ағаштарға, құз жартастардың басына, ал далалы жерде жерге салады. Бүркіттер өте жақсы ұшады, жерде жақсы жүреді, жүгіре де алады. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.  Ұлттық парктің  территориясында кең таралған, бірақ біркелкі емес.

02 сәуір - 5 маусым аралығында "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде "Парктер шеруі - 2024" Халықаралық табиғатты қорғау акциясы «Табиғат - біздің анамыз, Біз табиғатқа панамыз!» атты ұранмен өткізілетінін хабарлаймыз!

Осынау шуақты мерекеде жүректеріңізге көктем келсін! Өмірлеріңіз жылдың осы бір таңғажайып мезгілі іспетті гүлденсін! Үйіңізге береке, жайлылық, жылылық тілейміз! Қолға алған барлық бастамаларыңыз жүзеге асып, армандарыңыз орындалсын!

Ізгі тілекпен: «Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы.

Ұлттық парк құрамы бұл күні ұлттық спорт түрін насихаттау мақсатында қол күрестіру, гір тасын көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінде өзара сайыс өткізіп, өнерлерін көрсетті.

Жеңімпаздарды ұлттық парк директоры Серкебаев Айдын Серікұлы алғыс хаттармен марапаттап, ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, төл дәстүрімізді жаңғыртуға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал ететінін айтып өтті.

Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.

Бұл күні «Тарбағатай» ұлттық паркі  әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтануға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырады!

Наурыз айының бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдыратыны сөзсіз! Биыл бұл күн мұсылмандар үшін қасиетті ай Рамазанның бірінші жұмасымен сәйкес келіп отыр.

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95