«Тарбағатай»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 17 сәуір күні,  «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Тау киесі - Арқар» атты дәріс сабақты «Б.Сахариев атындағы Бақты  орта мектеп-бақшасы» КММ-нің 8 сынып (жалпы саны 33) оқушыларына өткізіп қайтты. 

Дәріс сабақ  барысында оқушыларға  ұлттық парк аумағында мекендейтін Қазақстан арқарының  өмір сүру ортасы мен тіршілік ету ерекшелігі, сандық динамикасы мен көші-қон мәліметтері туралы айтылды.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

1f 2f

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024 жылғы 08-сәуірдегі №134  және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2024 жылғы 08-сәуірдегі №01-26/300-ВН «Төтенше жағдайға (табиғи өртке) ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» бұйрықты орындау мақсатында 2024 жылдың 15-сәуірінде «Тарбағатай» МҰТП РММ-нің бастамасымен орман-дала өрттерін сөндіру бойынша уәкілетті органдармен оқу-жаттығу өткізілді.

Осыған орай Үржар ауданының әкімшілігіне,Үржар ауданының полиция бөліміне, Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасына,Үржар энергетикалық акционерлік қоғамына және Үржар ауданының бес ауылдық округтеріне орман-дала өрттерін сөндіруге ден қою жөніндегі уәкілетті органдармен оқу-жаттығуын өткізуі туралы хабарлама беріліп, оқу-жаттығуға келесі уәкілетті органдар қатысты:

  • № 10 өрт сөндіру бекетінен 14 адам, 2 бірлік AЦ, 1 бірлік ВАЗ автокөлігі;
  • «Үржар энергетика» акционерлік қоғамынан 5 адам, 1 бірлік УАЗ;
  • Ауылдық округтер әкімдіктерінен 32 адам, 2 бірлік AЦ; 1 трактор, 23-Қаққылағыш 10-РЛО;
  • Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасынан, 6 адам, 2 жедел жәрдем;
  • «Тарбағатай» ұлттық паркінен 80 адам және өртке қарсы бірнеше техникасы жұмылдырылды: 2 бірлік – АЦ 1,6-40 өртке қарсы автокөлігі, тіркеме жабдығы бар МТЗ тракторлар – 3 бірлік; шағын орта өрт сөндіру көлігі (МЛПК) – 2 бірлік.

Барлығы:133 адам, 6 бірлік АЦ; 2 бірлік КОӨСК (МЛПК); 4 бірлік трактор, 90-РЛО, 123-Қаққылағыш.

Басты мақсат — парктің бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес өрт сөндіру құрамының өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу болып табылады.

Оқу-жаттығулар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман және дала өрттерін сөндіру жөніндегі күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылын пысықтау, сондай-ақ өртке қарсы күресте барлық қызметтер арасында өрт бойынша, оны сөндірудің әдістері мен тәсілдері туралы жедел ақпарат алмасу мақсатында өткізілді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жедел әрекет ету, өртті уақтылы анықтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туындайтын орман және дала өрттерін сөндіру тәсілдері мен тактикасы бойынша іс-шаралар пысықталды.

Іс-шара соңында Үржар ауданының әкімі А.Башимбаев оқу-жаттығуға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, ұлттық парк қызметкерлеріне өрт сөндіру кезіндегі жедел іс-қимылдарына оң баға берді.

 «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметі.

Сәуір айының 12-ші жұлдызы күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері «Парктер шеруі - 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында Мақаншы ауылдық округінің                 «С.Сейфулин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің  7-сынып оқушыларына  «Жауқазындар күні» атты семинар-сабақ өткізді.

Сабақ барысында ғылыми қызметкерлер дайындаған мәліметерімен бөлісіп, оқушыларды топтарға біріктіріп, әр топқа өз мәліметтерін қорғатты.  БОТАНИКТЕР тобы аумақта кездесетін қызғалдақтардың түрлерімен, ГЕОГРАФТАР тобы қызғалдақтардың жер бетіне таралуымен, ЭКОЛОГТАР тобы қызғалдақтардың маңызы және қазіргі жай-күйімен, МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР  тобы қызғалдақтарды қорғау шараларымен таныстырып кетті. Семинар соңында оқушылар бір-бірлеріне баға беріп, тілек айтты.

Қатысушылардың жалпы саны -60.

ҒАЭМБ.

1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1) 1 (1)

         Сәуір айының 11-і күні Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері мен Қарабұта ауылының мемлекеттік инспекторлары «Қарабұта орта мектебі» КММ 7-8 сынып оқушыларына «Білмектің кілті – білім мен ғылымда» атты тақырыппен семинар сабағын өткізді.

Сабақтың шарты бойынша екі команда арасында табиғатқа байланысты сайыстар өткізілді.

Сабақ барысы таныстыру, ой-толғақ, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ, экодизайнерлер сайысы мен «Біз көңілді баламыз!» деген бөлімдерді қамтыды.

Семинар нәтижесінде оқушылар білгендерін жүйелеп, өздерінің білім деңгейлерін, ойлау деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсете отырып,  тыңдаушылардың назарын өздеріне аудара білді.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

Құрметті ғылым саласының қызметкерлері Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ізденіс жолында шабыт және толағай табыстар тілейміз.

Ұлттық парктің мәртебесін нығайтып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту бәрімізге ортақ міндет. Ұлттық парк абыройы мен беделі оның ғылыми жетістіктеріне тікелей байланысты. Сондықтан сіздердің атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңіз, тың бастамаларыңыз бен жобаларыңыз, батыл идеяларыңыз бен бірегей зерттеулеріңіз үшін алғыс айтамыз.

 

ҒАЭМБ.

 

«Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясы шеңберінде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді. Аталған шара тұрғын­дардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып­тастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Апта сайын аудан және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылып, мемлекеттік инспекторлар табиғат тазалығын сақтауда белсенділік танытуда. 

11 сәуір күні ШҚО, Зайсан ауданында орналасқан «Тарбағатай» мен «Құлынжон» (зоологиялық) қаумалдарының орман шебері Д.Аманғазин мен мемлекеттік инспекторлары да өз айналымдарында сенбілік жұмыстарын өткізді. Себебі, сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбір­шілікті көрсететін керемет шара болғандықтан, тазалықты жанына серік еткен мемлекеттік инспекторлар сенбілікте ерекше белсенділік танытты.

Іс-шара нәтижесінде шыны бөтелке, темір қалбырлар, пластиктер мен күл-қоқымдардан құралған 120 кг қоқыс мемлекеттік инспектор Ж.Бұлғынбаевтың жеке УАЗ көлігімен қоқыс полигонына шығарылды. Сенбілікке қатысушылар саны – 15 адам.

Экологиялық ағарту инженері Ә.Көбенова.

«Тарбағатай»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлері 2024 жылдың 9 сәуір күні,  «Парктер шеруі – 2024» халықаралық табиғатты қорғау акциясы аясында «Құстар – біздің досымыз!» атты викториналық сабақты «Мектеп жанындағы интернаты бар М. Хасенов атындағы Бестерек  орта мектеп-бақшасының» 6-7 сынып (жалпы саны 43) оқушыларына өткізіп қайтты. 

Сабақ барысында оқушылар ұлттық парк қызметкерлерінің құрастырған жасырын сурет және аудио, бейне сұрақтарына жауап беру арқылы сайысқа түсті. Нәтижесінде көп ұпай жинаған топ жеңіске жетіп, мақтау қағазымен және алғыс хатпен  марапатталды.

Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімі.

1

2

3

4

5

04.04.23 6

Серкебаев Айдын Серікұлы

«Тарбағатай» мемлекетік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры

Layer 5851

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері:

Елтаңба, Ту, Әнұран

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Сан. тазалау үшін ақы төлеу

screenshot 106

"Тарбағатай" Ұлттық паркі. Көлікке арналған тұрақ ұсыну

screenshot 95